• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жәнібек Әлімханұлы

    Жәнібекке қарсыласы көз арбасуда бетіне қарай алмады (ВИДЕО)

    Ертең, 14 мамырда АҚШ-тың Стоктон қаласындағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы басты кездесуге шығады. Қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал оның қарсыласы -канадалық Стивен Батлер. Ол орта салмақтағы алғашқы белбеуіне таласады. Боксшылар қазірдің өзінде ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Айта кетейік, Әлімханұлының салмағы 72,2 келі. Бұл оның кәсіпқой бокстағы ең жеңіл салмағы. Ал Батлер 72,4 ...

    Read More »

    Менде бәрі қазақша. Мен қысылып, қорқып жүретін құлдық санада емеспін! – Жәнібек Әлімханұлы

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде оқырманның мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарына жауап берді. Оқырманның бірі боксшының шетелде не себепті ана тілінде ғана сөйлетінін, сұрақтарға неге қазақ тілінде ғана жауап беретінін сұрағанда Жәнібек Әлімханұлы қай жерде жүрсе де мемлекеттік тілге құрмет көрсетенін айтты. Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған Алаштықтардың ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты мәлімдеме жасады Бокстан орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында қалған үш белбеуді жеңіп алатынын айтты. Vesti.kz-тің дерегіне қарағанда, 13 мамырда Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Стоктон-Аренада» канадалық Стивен Батлермен жекпе-жек өткізеді. Менде бір титул бар. Енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллаһ, мен барлық титулды аламын! – деді ол. Жекпе-жек 12 раундқа созылады. Бұл айқаста ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» қай кезде құлататынын айтты

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді. Ол әлеуметтік желіде: «Канеломен» жекпе-жек қашан?» деп сұраған адамға: «Канело» туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік үштікке кірді

    The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады. Орта салмақтағы тізімде Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы топ-10 боксшы: 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (3). Хайме Мунгия (Мексика) 3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 4 (6). Карлос Адамес ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы мықтылардың қатарында Головкинге жақындады

    The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингіден шығарылды. The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ...

    Read More »

    «Жүрегім айнитын болды». Америкалық нокаутшы Әлімханұлын менсінбей сөйледі

    Америкалық боксшы Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен неге жұдырықтаспағанын айтты. «Өмір бойы міндетті қарсыластармен айқасып келемін. Мұндайдан жүрегім айнитын болды. Одан да бізге керек жекпе-жектер ұйымдастырайық, түсінесіз бе? Әлімханұлымен айқастың сыйы қандай? Ана бір жігіттің (Бентли) кім екені де белгісіз, сонымен 12 раунд арпалысты. Енді маған осындай бір боксшыларға уақытыңды құрт деп отырсыңдар ма? Мен өз буынымның боксшыларымен айқасқым келеді. Мәселен, ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші рет әке атанды

    Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалық айтты. Ол төртінші рет әке атанды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды. Төртінші. Әлхамдулиллах! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек!, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген боксшымен кездеседі

    Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жекті бекітті. Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық боксшы Гонсало Корияны нокаутқа жіберді. WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы тағы бір әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

    Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын сәтті қорғағаннан кейін тағы бір орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырып, оның келісімін алды. Қазақ боксшысы Twitter-де барлық былғары қолғап шеберлерін жекпе-жекке шақырған еді. Оның бұл ұсынысын көп күттірмей, доминикалық спортшы Карлос Адамес қабылдады. Ол Жәнібек Әлімханұлының шақыруына «Мен дайынмын!» деп жауап берді. Алайда бұл айқастың қашан болатыны белгісіз. Оған бірнеше фактор ...

    Read More »