Дмитрий Панарин бадминтоннан Замбия Республикасының Лусака қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Отандасымыз жарыста финалға дейін жетті. Финалда Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді. Ал БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Read More »Tag Archives: күміс медаль
Ғалия Тыңбаева Гран-придің күміс жүлдегері атанды
Дзюдошы Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында өнер көрсетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ғалия Тыңбаева финалда биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Италия өкілі Ассунта Скуттомен күш сынасты. Бұл жекпе-жекте италиялық спортшы жеңіске жетті. Ал Ғалия Тыңбаева Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады. Ол финалға дейін Азия Аванзатоны (Италия), Ева Перес Солерді (Испания), Наташа ...
Read More »Жасөспірімдер Олимпиадасы: Айбар Қайым күміс жүлдегер атанды
Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады. Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесіп, одан 15:6 есебімен жеңілді. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 кг) мен Ақнұр Тұрсынғали ...
Read More »Бибарыс Әшірбай – жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін алды
Боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегалдың астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады. Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 ...
Read More »Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жалғыз жүлдені қанағат тұтты
Қазақстан құрамасы Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында бір медаль ғана алды. Әлемдік додада ел намысын жеті спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз бір күміс жүлдеге ие болды. Құрама қоржынына жалғыз жүлдені 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы салды. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні басынан асырды. Қоссайыс нәтижесінде 399 келіні көтерген зілтемірші ...
Read More »V Азия Пара ойындары: Әли Тұрғанбеков — күміс жүлдегер!
V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында SB4 санаты бойынша өткен финалда Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен 1 минут 44.26 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бұл жарыста Малайзияның өкілі Мұхаммад бин Зулкафли чемпион атанды. Ол 100 метрге 1 минут 41.44 секундтта үзіп, мәреге бірінші болып жетті. Қола жүлдені үнді Рохит Кумар қанағат тұтты. Ол мәреге 1 минут 57.25 ...
Read More »Каратэден ӘЧ: Софья Берульцева – күміс жүлдегер!
Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті. Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның ...
Read More »Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 56 медаль алды
Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Жалпы есепте отандастарымыз 56 медаль алды. Оның ішінде 15 — алтын, 20 – күміс және 21 — қола медаль бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте жетінші орынға орналасты. Қазақстанның жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу құрамалары ел қоржынына үш медальдан салды. Үстел теннисшілері екі алтын медаль жеңіп алды. Дзюдоистер, муай-тайшылар, ...
Read More »Қазақстан жарысты қысқы және жазғы спорттан жақсы бастады
Польшаның Щирк қаласындағы шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі спортшыларымызға олжалы болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. К-95 трамплинінде сынға түскен Данил Васильев топ жарса, Илья Мизерных күміс медальға ие болды. Данил Васильев – 277 ұпай Илья Мизерных – 269 Клеменс Сташель – 259,5 Сабыржан Муминов – 253 Сергей Ткаченко – 246,5 16.Святослав Назаренко – ...
Read More »Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66 Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90 Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14 ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары