Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналистикасының жампозы, әлемде теңдесі жоқ «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жобаның авторы, жазушы, спорт шебері Несіп Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған шағын футболдан «Бір атаның балалары ойнайды» жанұялық республикалық ХХ турнирін «Тараз — Арена » спорт сарайында, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді. Бұл жобаның ерекшелігі, футбол командасының құрамы ...
Read More »Tag Archives: Несіп Жүнісбайұлы
Нес-аға!
Қазақ баспасөзінде спортты айшықты тақырыпқа айналдырған Сейдахмет Бердіқұловтай көрнекті қаламгерден тәлім алғанын мақтан ететін Несіп Жүнісбайұлы бүгінгі таңда өзі де қарымды, қарулы қаламгерге айналды. Қалың оқырманы мен шәкірттері Нес-аға деп құрметпен қарайтын қаламгердің шығармашылық қабілеті жастайынан жарқырап көрінді. Талдықорған облысының Қаратал ауданындағы «Көпбірлік» ауылында туып-өскен мектептен кейін көп ойланбастан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал әскерден оралған соң арманы мен ...
Read More »Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті
Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары