…Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...
Read More »Tag Archives: Несіп Жүнісбайұлы
… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...
Read More »Ел сыйлайтын Елсияр аға
Жақында елімізге белгілі спорт жанашыры, ұзақ уақыт қазақ спортының басында болып, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатовты туған күнімен құттықтап шықтым. Елекеңмен 2000-жылдардың басынан таныспын. Астанаға алғаш рет келгенде ол кісі туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары болып істеген еді. Міне, содан бері Елсияр аға екеуміз ағалы-інілі болып араласып келеміз. Осы уақытта оның адам баласын алалағанын ...
Read More »Болмаған сайлаудың қорытындысын бір апта бұрын жариялау — қиянат!
Кеше белгілі жазушы, публицист, Қазақстан Републикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне бірнеше атақты спортшылардың лайық екенін айтып, SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтына хат жолдаған болатын. Бүгін қаламгер ҰОК президентігіне сайлау туралы тағы бір пікірін жазып, хат жолдады. Оқырманға осы хатты жариялауды жөн көріп отырмыз. … Мына екі-үш жазбамнан кейін маған ...
Read More »ҰОК президенттігіне сайлау: Бүкіл әлем тік тұрып қол соққан Серік емес пе!!!
… Ал, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне нағыз төраға керек болса, неге даңқты Серік ҚОНАҚБАЕВТЫ еске алмадық?! Сонау Совет заманында-ақ бүкіл әлемнің спорт жанкүйерлерін: «Шіркін-ай, мынау кім, кімнің баласы, қай ұлттың ұланы?!» дегізген ғажап ұлдарымыздың бірі емес пе СЕРІК?! Спорт майданында (Қылышынан қан тамған Кеңес кезеңінде!) дүниені дүр сілкіндірген Серік бүгін де тірі! Ел құсап көрінген жерден сығаламай,оңды-солды ұрынбай, өз жұмысын біліп, ...
Read More »Мен қарсымын!
Бүгінде Қазақстанда Үкімет ауысқаны жөніндегі әңгіме гу-гу талқыланып жатса, сонымен қатар, «ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне Геннадий Головкин басшы боп келеді екен» деген алыпқашпа сөз Астанадағы қарлы борандай ұлып тұр. Бұл әңгімені кімнің таратқанын білмеймін, егер рас болса, МЕН ОҒАН ҚАРСЫМЫН!!! Головкиннің спорттағы табыстарын бір адамдай-ақ білемін. Оның сонау 2004 жылы Афина Олимпиадасының финалында шайқасқанын түбінде отырып көргенмін, одан бөлек, АҚШ-та ...
Read More »Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, спорт журналисі, спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлы Алматыдағы Орталық стадионның жақында мәңгілік мекеніне аттанған Қазақстан футболының аңызы Сейілда Байшақовтың атымен аталуы керек деген ұсыныс айтты. КСРО құрама командасында ойнаған тұңғыш қазақ футболшысы бұл құрметке әбден лайық! Бүгін ардақты Сейілда Байшақовты мәңгілік мекеніне қондырдық. Бізге енді КСРО құрама командасына алынған тұңғыш қазақ футболшысы қазақ футбол ...
Read More »Шежіре кітап жарыққа шықты
Күні кеше Астанадағы Ұлттық кітапхананың әдемі залында өзге кітаптардан табиғаты бөлек кітаптың тұсаукесері болды. Кітаптың аты — «САҢЛАҚ». Заты асыл өнер спорттың шежіресі! …Осыдан жеті жылға таяу уақыт бұрын осы киелі мекемеде кезінде ел ауып кеткен бір уыс қазақтың ұланы Дәурен Бақытқажыұлы «ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫ» деген ктабының тұсаукесерін өткізіп еді. Сол жолы кітаптың тұсауын кесіп тұрып, мына мен: «Дәуренжан, енді ...
Read More »Әлемде теңдесі жоқ футбол турнирі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналистикасының жампозы, әлемде теңдесі жоқ «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жобаның авторы, жазушы, спорт шебері Несіп Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған шағын футболдан «Бір атаның балалары ойнайды» жанұялық республикалық ХХ турнирін «Тараз — Арена » спорт сарайында, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді. Бұл жобаның ерекшелігі, футбол командасының құрамы ...
Read More »Нес-аға!
Қазақ баспасөзінде спортты айшықты тақырыпқа айналдырған Сейдахмет Бердіқұловтай көрнекті қаламгерден тәлім алғанын мақтан ететін Несіп Жүнісбайұлы бүгінгі таңда өзі де қарымды, қарулы қаламгерге айналды. Қалың оқырманы мен шәкірттері Нес-аға деп құрметпен қарайтын қаламгердің шығармашылық қабілеті жастайынан жарқырап көрінді. Талдықорған облысының Қаратал ауданындағы «Көпбірлік» ауылында туып-өскен мектептен кейін көп ойланбастан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ал әскерден оралған соң арманы мен ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары