• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Түркия

    Түркиядағы жер сілкінісінен Солтүстік Кипрдің тұтас бір волейбол командасы қаза тапты

    6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлады. Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан ...

    Read More »

    Түркиядан тікелей эфир: Қазақстан құтқарушылары бір отбасын аман алып шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісінен зардап шекендерді құтқару жұмыстарынан  журналист Бақытжан Омар тікелей эфир беріп жатыр. Оның айтуынша, әзірше Қазақстаннан келген құтқарушылар үш адамды аман алып шықты. Үшеуі де бір отбасының адамдары. Зілзаладан ер адам екі баласымен аман қалған. Ал оның зайыбының тағдыры әзірше белгісіз. 6 ақпан күні Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де ...

    Read More »

    Түркиядағы жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қаза тапты

    Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты. Бетюль Чобан Чакыр көп жылдан бері Газиантептің «Меринос» волейбол клубында өнер көрсетті. Оның жұбайының да волейболға қатысы бар болғанымен, ол кәсіпқой ойыншы болған емес. Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті. 34 810 адам жарақат алды.   ...

    Read More »

    Белсенділер Түркияға көмекке қол ұшын беріп жатыр

    Белгілі кәсіпкер, журналист Арман Шораев бастаған азаматтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, көмектесуді бастап кетті. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook-те көмек беремін деген азаматтарға қарата үндеу жариялады. Түркиядағы алапат жер сілкінісінен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылытуға, үйге кіруден қорқып отыр. Осы сәтте, Қазақ ...

    Read More »

    Оқушылар тұңғыш рет дүниежүзілік қысқы гимназиадаға қатысады

    11-19 ақпан күндері Түркияның Эрзурум қаласында дүниежүзілік қысқы гимназиада өтеді. Дүбірлі дода спорттың тау шаңғысы, биатлон, мәнерлеп сырғанау, хоккей, шаңғымен жүгіру, сноуборд, керлинг және шаңғымен бағдарлау секілді түрлерінен болады. Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз хатшысы Гүлжайна Мұхашеваның айтуынша, Қазақстан құрамасы қысқы гимназиадаға тұңғыш рет қатысады. Олар спорттың бір ғана түрінен, шаңғымен жүгіруден күш сынасады. Оқырманның назарларына қысқы ...

    Read More »

    Түрік комментаторы тікелей эфирден қуылды

    Түркияның комментаторы Алпер Бакиржигил Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Канада мен Марокко командаларының матчында тікелей эфирден қуылды. Осы ойынныӊ 4-минутында Хакім Зиеш есеп ашқанда, комментатор «Әлем чемпионаттарындағы еӊ тез голды Хакан Шүкір салған», деген. Осыдан кейін үзіліс кезінде TRT арнасы Алпер Бакиржигилды эфирден алып тастап, матчты одан әрі Ж.Кыран деген басқа журналистке жүргізуді тапсырған. Қолда бар мәліметке қарағанда, Хакан ...

    Read More »

    Муай-тайшылар Түркияда топ жарды

    Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан IFMA Antalya ашық кубогы үшін жарыс болды. Бұл сынға Қазақстанның 37 жастар мен жасөспірімдері қатысты. Жарыста ұлттық құрама 11 алтын, 8 күміс пен 12 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Анталия кубогына барлығы 31 мемлекттен 780-ге жуық тай боксының шебері жиналды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Түркі елдерінің турнирі ту тікті

    Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан алғаш рет Түркі кеңесінің дипломатиялық өкілдіктері, бақылаушы елдері мен Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың арасында турнир өтті. Іс-шара түркітілдес елдердің ынтымақтастық күніне және түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Турнирге барлығы 11 команда қатысты. Жарыста  Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан елшіліктері мен Халықаралық Түркі академиясы, Азиядағы өзара ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі кеңестің хатшылықтары (АӨСШК) ...

    Read More »