• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Белсенділер Түркияға көмекке қол ұшын беріп жатыр

    Белгілі кәсіпкер, журналист Арман Шораев бастаған азаматтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, көмектесуді бастап кетті. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook-те көмек беремін деген азаматтарға қарата үндеу жариялады.

    Түркиядағы алапат жер сілкінісінен үйлер қирап, біраз кісі опат болды. Аман қалған туысқан түрік ағайындарымыз шиттей бала-шағасымен ашық алаңдарда, суық далада жүр. Бой жылытуға, үйге кіруден қорқып отыр.

    Осы сәтте, Қазақ жұрты болып, жүздеген киіз үй жіберсек.

    Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй – зілзаладан жүрегі шайлығып қалған бұқара психикасына қауіпсіздік көңіл күй береді.

    Ең бастысы, Ата жұрттан келген көмекті сезінер еді. Алыста болсақ та, туысқан жұртты жалғыз қалдырмайтынымызды сезінер еді.

    «Түркияға 100 киіз үй» науқанын бастайық. Бұл шаруаны Нұрбек Бекбау екеуміз мойнымызға алдық.

    Реквизитім: 4400430196216649

    Каспи: 87021605457, — деді Арман Шораев.

    Кәсіпкер мен журналистің үндеуі қоғам тарапынан қолдауға ие болып, Түркия азаматтарына көмектесемін деген елдің қатары көбейіп жатыр.

    Нұрбек Бекбаудың айтуынша, қазірдің өзінде 5 млн теңгеден аздап асты.

    Зілзаладан зардап шеккен түрік ағайындарға киіз үй жіберейік, деп науқан ашып едік. Қайырымдылыққа үздіксіз түсіп жатыр. Дәл қазір — 5 млн теңгеден аздап асты. Әр жарты күн сайын есеп беріп тұрамын.

    Киіз үй жасайтын цехпен келістік. Әзірге сегіз қанатты 3 киіз үйге тапсырыс берсек деймін. Бір киіз үй толық комплект 3 млн теңгеден екен.

    Сүйегі темірден жасалғандары да бар. Олар арзан. Бірақ тек қаңқасы және сыртын жабар киізі ғана бар. Қанша қаражат жиналады, соған қатысты көреміз, — деді ол.

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *