Биыл Қарағанды облысында балалардың тегін спорт үйірмелеріне 2 млрд-тан аса теңге бөлінді.
Биыл тегін спорт секцияларын қаржыландыруға 2 млрд 164 млн теңге бөлінді. Өңірде Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қарқаралы, Шахтинск, Саран, Бұқар жырау, Осакаров, Абай және Шет аудандарынан 48 спорт қызметін ұсынушы жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан аса бала мен жасөспірім қамтылатыны хабарланған еді.
Дәурен ЕРБОЛАТ,
АСТАНА