Алматы облысында жаурыны жерге тимеген балуандар белдесуі өтті, деп хабарлады өңірлік баспасөз қызметі. «Алатау арланы» деп аталған білектілер додасы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдаманы сарапқа салу үшін ұйымдастырылған. Аталған жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Алматы облысы білекті де, жүректі балуандарға кенде емес. Тұңғыш Қазақстан Барысы Ұлан Рысқұл да біздің өңірдің тумасы екені баршамызға мәлім. ...
Read More »