Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады.
Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады.
Қарсыласым — таиландтық Кадесара Джадпакди. Оның кәсіпқой рингтегі — рекорды 7-3-0.
Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі, бірнеше рейтингтік кездесулерден кейін мен әлем чемпионы титулдары үшін шаршы алаңға шығамын. Сондықтан менің міндетім – абсолютті әлем чемпионы болу үшін мықты қарсыластарға дайын болу!, — деді боксшы.
Лукас соңғы жекпе-жегін 31 қаңтарда Бакудегі бокс кешінде өткізген. Оның қарсыласы 24 жастағы пәкістандық Рома Юсуфқа болды. Лукас жекпе-жектің бірінші раундында нокаутпен жеңіске жетіп, WIBA чемпионы атанған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram