• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Қазақстан, Куба мен Өзбекстан боксшылары бірге жаттығып жатыр

    Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

    Оған Қазақстан боксшыларымен бірге  Өзбекстан мен Куба құрамалары қатысуда.

    Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6алты боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар.

    Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келді. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Баһадүр Жалолов бар.

    Куба құрамасынан жаттығу жиынына Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды келді.

    Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады.

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысындағы Akbulak Olympic center базасында кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл — бас жаттықтырушы Елдос Сайдалин үшін жаңа қызметтегі алғашқы жиын.

    Бағдарламаға бұрын-соңды болмаған интенсивті жаттығу түрі енгізілген. Боксшылардың негізгі мақсаты — Таиландта өтетін лицензиялық турнирге тыңғылықты дайындалу.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *