• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда студенттер академик Садықовты еске алды

    Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Спартак» стадионында жоғары оқу орындары арасында шағын футболдан 26 жыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ректор болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Тоқмұхамет Сәлменұлы Садықовты еске алуға арналған жарыс жалауын көтерді.

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ұйытқы болуымен  көп жылдар бойы өткізіліп келе жатқан айтулы доп додасы студенттердің футболға деген құлшынысын дамыту жолындағы дәстүрлі жарыстың біріне айналған. «Дені саудың жаны сау»,  – демекші, жоғары оқу орындарында дені сау ұрпақ тәрибелеу егеменді еліміз үшін маңызы зор деп білеміз. Сондықтан да  турнирді ұйымдастырушылардың  негізі мақсаты, жастарды  спорт арқылы  баулап, саламатты өмір салтын қалыптастыру.

    Жарыстың салтанатты ашылуына қатысқан  Абай атындағы Қазақ  ҰПУ ректоры Тахир Оспанұлы Балықбаев, Еркін Тоқмұхаметұлы Садықов, Денешынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, профессор  Ерғали Мұхиддинұлы  Мұхиддинов студенттерге сәттілік тіледі. Бұл жарысқа қатысуға биыл Алматы қаласы бойынша 8 астам жоғары оқу орындарының командалары сайланып келген екен. Ойын алаңына  шыққан жалынды жастар жеңіс үшін бар шеберліктерін салды.

    Биыл ғана күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілген су жаңа стадионда  доп тепкен жалынды жастар жеңіс үшін жан аямай өнерлерін көрсетуде. Көп жылдық тарихы бар бұл стадионда кезінде қаншама дүбірлі жарыстар өтті десеңші. Бұл стадион аталған білім ордасының қарамағында болғандықтан, университеттің студенттері осы спорт алаңында денешынықтуру және спорт сабақтарын өткізеді. Негізі спортқа жанашырлық, қамқорлық болған жағдайда жетістікте болары сөзсіз. Сондықтан да, оқу орны тарапынан жасалынып жатқан барлық жағдайлар студент жастар үшін екені белгілі. Ал, егеменді еліміздің ертеңі жастардың қолында.

    Сонымен, айтулы жарыстың финалына шыққан команда 25 қазан күні белгілі болады. Осы күні жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марпатталады.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *