• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бала ойынмен өседі

    Мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру мақсатында 1 маусым – Халықаралық балалар қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында республика бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. «Барлық жақсылық балалар үшін» ұраны мерекелік іс-шараларда негізгі қағида болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» жергілікті дене тәрбиесі орталықтарымен бірлесіп мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Қазақстан балалары спортты таңдайды» таңғы жаттығу жобасын өткізеді. Шараға еліміздің 6-18 жас аралығындағы балалары қатысады. 1 маусым күні Орталық даярлаған таңғы жаттығу үлгісі QazSport телеарнасында көрсетіледі.

    «Балалар – біздің жарқын болашағымыз. Мен де екі ұлыммен жаттығу жасап, денсаулықты мықты етудің негізгі жолы спортпен шұғылдану екенін түсіндіремін. Аға ұрпақ дені сау, білімді, тәрбиелі жастар легін қалыптастыру жолында еңбек етудеміз. Бұл жобаның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жаттығулардың орындалу техникасын үйрету. Кешенді жаттығуларды орындау арқылы ептілікке, икемділікке, өзін сергек ұстай білуге тәрбиелеу»,  деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының міндетін атқарушы Сағдат Садықов.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *