• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рүстемнің жомарттығы

    «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Осы жаңа Алматыдан қуанышты хабар келіп жетті.

    Спорт жанашыры, меценат Рүстем Мұқатов  грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан құрама командасының аға жаттықтырушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Мұратұлы Жұмашевқа қазақ спортының дамуына қосып жүрген елеулі үлесі үшін су жаңа «RANGE ROVER»  автокөлігін сыйға тартты.

    Үнемі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетіп жүретін Рүстем Әбдікәрімұлына барша спорт жанкүйерлері атынан ризашылығымызды білдіреміз!

    Рүстемдей жомарт, мәрт жігіттер көп болсын! Қазақ спорты жасасын!

    Жерлесім, Талдыапан деген кішкене ғана ауылда туып-өсіп, спорт арқылы әлемге танымал болған Серік Жұмашевқа темір тұлпарын құтты болсын деймін! Жеңісті күндерін көп болсын!

     

    Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,

    «Президент және спорт», «Спорт жұлдыздары», «Білім нұры» журналдарының бас редакторы, «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің иегері, Қазақ Спорт және Туризм академиясының құрметті профессоры

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *