• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемде теңдесі жоқ футбол турнирі

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналистикасының жампозы, әлемде теңдесі жоқ «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жобаның авторы, жазушы, спорт шебері Несіп Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған шағын футболдан «Бір атаның балалары ойнайды» жанұялық республикалық ХХ турнирін «Тараз — Арена » спорт сарайында, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді.

    Бұл жобаның ерекшелігі, футбол командасының құрамы бір атадан, әулеттен тараған туыс-бауырлардан тұрады, аталары бас болып немерелерімен бірге ойнайды.

    «Отан, отбасынан басталады» деп бекер айтпаймыз, әр отбасының, әр әулеттің жігіттері бір команда болып, жұдырықтай жұмылып, футбол ойнаса, салауатты өмір салтын ұстанса, тату, бауырмашыл, бір біріне мейрімді болса, керемет емес пе!

    Таразда шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» ХХ республикалық, 33 отбасылық командалар қатысқан турнирдің нәтижесінде бірінші орынды Мұхтар ата командасы жеңіп алды (500 мың теңге.) Екінші орынды Базарбаевтар әулеті  (300 мың теңге) иеленді. Үшінші орынға Жолдас әулеті (200мың теңге) ие болды. Төртінші орынға Мырзабековтар жанұялық командасы табан тіреді. Командалардың барлығы Түркістан облысынан.

    Турнирдің ең жас ойыншысы Мырзашевтар әулетінен Нұрғиса Мұхамеджан атанды.

    Ардагер футболшы Әзімбек Тлешев  (Кейкі Батыр әулеті) болды.

    Үздік қақпашы атағын Марат Туғанбаев  (Мәуленовтер отбасы) жеңіп алды.

    «Сұрмерген» номинациясын Еркебұлан Нұртасұлы (Жолдас әулеті) иеленді.

    Үздік шабуылшы турнир жеңімпазы Мұхтар ата командасынан Мұхтар Райымбек  атанды.

    Жеңістерің құтты болсын құрметті ағайын-бауырлар!

    Осындай, әлемде теңдесі жоқ жобаны іске асырып жатқан ақтаңгер, ұлтжанды тұлға – Несіп Жүнісбайұлына алғыс айтамыз!

     

    Жамбыл облысының Құрметті азаматы

    Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ

    Бір пікір

    1. Валентина

      Спасибо за информацию буду знать. При этом можно не только отправить письмо на электронную почту пинап казино онлайн , но и позвонить, написать в чат, выйти на связь через социальные сети.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *