• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жас шахматшыларға сенемін – Динара Сәдуақасова

    Гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға сенетінін, қазақстандықтардың үмітін ақтау үлкен жауапкершілік екенін айтты.

    Алдымен ол өзіне қолдау білдірген мемлекет басшысына алғысын жеткізді.

    «Президентке қазақ спортшыларының ерен еңбегіне назар аударғаны үшін зор алғыс айтқым келеді. Бұл кімге болса да мотивация береді. Жалпы отандастарымыздың үмітін ақтау, жаңа белестерді бағындыру үлкен жауапкершілік жүктейді», — деді шахматшы.

    Сондай-ақ Динара Сәдуақасова жас шахматшылардың биік белестерді бағындыратынына сенетінін айтты.

    «Мұндай марапат жас шахматшыларға да әсер етеді. Менің шахмат академиямда мыңдаған балалар білім алып жүр. Қазірдің өзінде олар маған мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде хабарламалар жіберіп, менің осындай құттықтау алғаныма қуанышты болғандарын жазып жатыр. Сондай-ақ жақын арада өздері де сол секілді үлкен жетістіктерге жететіндерін айтады. Мен оларға сенемін», — деді ол.

    Биыл 26-28 желтоқсан аралығында Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтті. Оған Қытай, Үндістан, Ресей мен тағы басқа елдердің үздік ойыншылары қатысты. Бұл жарыста шахматтың рапид түрінен Динара Сәдуақасова күміс жүлдегер атанды.

     

    Дәурен ЕРБОЛАТ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *