• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Белгілі кәсіпкер Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын жүлде алған Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табыс етілді.

    Оған бір бөлмелі пәтерді Beles құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі табыс етті. Сонымен бірге ол әлем чемпионы мен оның жеке жаттықтырушысы Нұржан Насановтың астына сәйгүлік мінгізіп, құрмет көрсетті.

    Санжардың ата-анасының айтуынша, олар Астанада 20 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Санжардың анасы баласының жаңа пәтер алғанын көріп, қуанышы қойнына сыймай жатқанын жеткізді. Боксшының өзі де құрылыс компаниясының басшысына алғыс айтып, жанкүйерлерге қолдау көрсеткендеріне ризашылығын білдірді.

    Сіздер бізді қолдауда шаршамасаңыздар, біз де биік шыңдардан көрінуден шаршамаймыз, — деді Санжар Тәшкенбай.

    Боксшы Ташкентте 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап,  финалда Грузияның өкілі Сахил Алахвердовиді жеңген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *