• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Барды бағалай білген жөн

    Қазақстандағы спорттық гимнастиканың өзекті мәселесі мен осы спорт түрінен қазақ қыздары арасынан алғаш болып КСРО біріншілігінде табысты өнер көрсеткен, спорттық гимнастика мен акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шынашақтай ғана шымыр қыз Қарлығаш Қалиева туралы бір үзік әңгіме. Спорттық гимнастика түрінен Кеңес Одағы кезінде көптеген спортшыларымыз байрақты жарыстарға қатысып,еліміздің намысын абыроймен қорғағанын жақсы білеміз. Мысалы, спорттық гимнастика туралы әңгіме қозғаған кезде ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері мүгедек арбасындағы турнирде алғаш рет жеңіске жетті

    Теннистен Қазақстан құрамасы Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен өткен халықаралық додада бақ сынады. Ел намысын Қарағанды қаласының тұрғыны Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Неязов қорғады. Неязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық ...

    Read More »

    Регбиден Қазақстан құрамасы турнирде жеңімпаз атанды

    Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ел құрамасы жеті ойынның барлығында жеңіске жетті. Құрама команда Латвия мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтарды да жеңді. Әйелдер құрамасы былтыр да осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал, 2019 жылы «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді. Amsterdam Sevens турнирінің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің ...

    Read More »

    Қазақ шабандозы Францияда қатарынан екі бас жүлдені жеңіп алды

    Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді «Катар При» ат жарысына қатысып, екі рет бас жүлде иеленді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті. Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған. Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға таныс болғанмен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ...

    Read More »

    Бензема жаңа клубты таңдады

    Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема жаңа клубты таңдады. Оның таңдауы Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасына түсті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның айтуынша, Карим Бензема жаңа командамен келісімшарттың негізгі құжаттарының жартысына қол қойған. Енді ол 2025 жылдың маусым айына дейін Сауд Арабиясының лигасында ойнайтын болады. Барлық мәселе шешілді. Карим Мадридте жанкүйерлермен қоштасқаннан кейін Араб түбегіне жолға шығады. ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

    Қазақстан теннисшілерінің «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Франция ашық чемпионатына еліміздің жеті теннисші қатысты. Осы турнирде спортшылардың бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) табыс тапты. Мысалы, табыс табу жөнінен Юлия Путинцева алда тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса ...

    Read More »

    Ерасыл Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

    Дзюдодан Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында өтіп жатқан  Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қордынына тағы бір қола медаль түсті.  Турнирде 100 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев үшінші орын үшін белдесуде Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті. Бұған дейін ұлттық құрама команданың балуаны Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали ...

    Read More »

    Бензема «Реалмен» қоштасады

    Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының шабуылшысы Карим Бенземаның командамен қоштасатыны хабарланды. Бұған дейін ол «Реалда» тағы бір маусымға қалатынын айтқан еді. Бірақ клубтан кететіні туралы соңғы шешім шықты. Ол «Реал» сапындағы соңғы матчын Ла Лиганың 38-турында Бильбаоның «Атлетик» командасына қарсы өткізді. Осы ойында шабуылшы пенальтиден гол салып, есепті теңестірді. Осыдан кейін клубтың басшылығы ойыншымен ресми түрде қоштасу рәсімі 6 маусымға жоспарланғанын ...

    Read More »

    Еркін күрес шеберлері турнирде 1 күміс, 4 қола медаль алды

    Қырғызстанның Бішкек қаласында Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Турнирдің соңғы күні еркін күрестен ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Сырбаз Талғат (70 кг) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2. Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Жігер Закиров (79 кг), Азамат Дəулетбеков (86 кг) қола жүлдеге ие болды. Осының ...

    Read More »

    Түркіменстанда «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды

    Түрікменстанда жаңадан құрылып, бірден йокары (жоғары) лигадан орын алған «Аркадаг» футбол клубына қатарын ел құрамасының ойыншыларымен толтырды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады. «Фергана» ақпарат басылымының жазуынша, жаңа пайда болған «Аркадаг» клубында Орталық Азия чемпионатына қатысу үшін Түрікменстан құрамасына шақырылған 25 футболшының 17-сі, яғни 68 пайызы ойнайды. Команда басшылары тек құраманың қазір Сянганьның (Гонконг) «Китчи» командасында ойнап жүрген лидері Руслан ...

    Read More »