• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Ұлттық Олимпиадалық комитетінің құрамы анықталды

    Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне Геннадий Головкин кірісіп, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясысының құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады Olympic.kz.  ҰОК Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссясының құрамы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысын аяқтады. ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысына сәйкес, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясына төмендегі құрам сайланды: Бас хатшы: Жанар Өтешева Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Абулғазин, ...

    Read More »

    Гимнасшылар Мұсабаев пен Әлиев Әлем кубогының күміс иегері атанды

    Әзербайжанның Баку қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев күміс медаль иеленді, деп хабарлады olympic.kz. Олар финалда 50 520 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Алтын медальді Қытай спортшылары (51.090), қола жүлдені АҚШ құрамасы жеңіп алды. Әлем кубогы кезеңдерінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынатын рейтингілік ұпайлар сарапқа салынады.  

    Read More »

    Геннадий Головкин ҰОК президенті болып сайланды (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жабық есік жағдайында болды. Оған БАҚ шақырылмады.   Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысында ұйымның президенті мен басқа да басқару органдарының сайлауы болды. Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев өз өкілеттігін аяқтады. Қазақстан ҰОК жаңа басшысы ...

    Read More »

    Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

    Қазақстан жанкүйерлер Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіде жарияланып кетті. Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойынның кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Трибунада отырған жанкүйерлердің елдің атына сөз келеді-ау деген сөзді ысырып қойып, командаларының жалған намысы ...

    Read More »

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ ITF турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Наплес қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен күш сынасып, оны 3:6, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Бұл екеуі жақында Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында ойнаған еді. Сол кезде Попко қарсыласын 7:5, 1:6, 7:5 есебімен жеңген болатын. Енді эквадорлық теннисші Попкодан тағы да жеңілуге мәжбүр болды. Бұл ...

    Read More »

    Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

    Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz.  Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.  

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері J500 ITF Juniors турнирін жеңіп алды

    Теннисші Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева Мысырда өткен J500 ITF Juniors турнирінің жұптық сында жеңімпазы атанды, деп хабарлады Rraketkasi. Тағы екі теннисшіміз Александр Недовесов пен Дмитрий Попко ATP 250 мен ITF турнирінің финалына шықты. Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінде эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті. Бірінші ...

    Read More »

    Гимнасшы Нариман Курбанов Әлем кубогының иегері атанды

    Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді. Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде ...

    Read More »

    Шорт-тректен ӘЧ: Алина Әжіғалиеваның күміс жүлдесі тарихи оқиғаға баланып жатыр

    Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Алина Әжіғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді. Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдегер а атанды. Бұл — еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша ...

    Read More »

    Велотректен АЧ: Рамис Дінмұхаметов мәреге үшінші болып жетті

    Велотректен Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдегер атанды. Осы бағдарламада әйелдер арасында ұлттық құраманың көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, мәреге төртінші болып жетті. Ал спринтте Дмитрий Резанов финишке 10-шы, Андрей Чугай ...

    Read More »