Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды. Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты. Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша ...
Read More »Author Archives: admin
Гимнасшы Милад Карими — Азия чемпионатының күміс жүлдегері!
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға шықты. Алтын жүлдеге әлем чемпионатының бірнеше дүркін медалисі, филиппиндік Карлос Юло ие болды. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына да жолдама алды. Карими де, ...
Read More »Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты
Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің жиыны болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иорданияның өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе инфрақұрылымды жақсарту, екіншісі, жаттықтырушылардың әлеуетті арттыру және үшінші мәселе теннисті қаржыландыруға арналды. Елімізде теннис спортын дамыту үшін Азия теннис федерациясының ...
Read More »Елімізге «Болашақтың ойындары» турнирінің комиссиялары келді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 2026 жылы Қазақстанда өтетін «Болашақтың ойындарын» алдын ала бағалау үшін арнайы келген Phygital International халықаралық компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Phygital International халықаралық компаниясы «Болашақтың ойындары» турнирінің құқығын иеленген. Phygital International бағалаушылары Астана қаласында 15-18 мамыр аралығында тексеріс жүргізеді. Қазір киберспорт федерациясымен бірігіп, 2026 жылы Астана қаласында өткізуді жоспарлап отырған ...
Read More »Elorda Cup тунирінде жартылай финалистер анықталды (ВИДЕО)
Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің үшінші күні ерлер бәсекесінде жартылай финалға Қазақстанның 31 боксшысы шықты. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар. 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан Өзбекстанның былтырғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Худойназар Фаизовты 4:1 есебімен, 51 келіде Сәкен Бибосынов 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Мухаммадкодир ...
Read More »Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен ойнады. Бірінші партияны Жібек Құламбаева 6:2 есебімен жеңсе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп – 6:4. Бұл ойын 1,5 сағатқа созылды. Енді Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас ...
Read More »12 жасөспірім теннисші әлемдегі ТОП-100 қатарына кірді
Еліміздің 12 жас теннисшісі ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) мен ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер тізімінд үздік 100 спортшының қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда. Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында ...
Read More »Қазақстан Олимпиаданың Азияда қалған жалғыз жолдамасына таласады
16-27 мамыр аралығында Өзбекстаның астанасы — Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы көтеріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған Қазақстан атынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Диас Тойшыбек пен Фарух Набиев қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Нариман Курбанов пен Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын алып отыр. Ал қалған гимнасшыларымыз құрлыққа берілген жалғыз лицензияға ...
Read More »Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)
20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 105 мың адамға арналған «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында әлемнің аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді. Кеше боксшылар осы жекпе-жекке арнап, баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Қазір Майк Тайсон 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр. Майк ...
Read More »Әлемге әйгілі жапон дзюдошысы неге Ақтауға келмеді?
Жақында Астана мен Қарағандыға әлемге әйгілі жапон дзюдошысы Шохей Ононың келіп, шеберлік сабағын өткізген болатын. Бұл туралы SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты да жазып, оқырманды құлағдар етті. Осы ретте ойға келетін бірн нәрсе, атақты Күншығыс елінің спортшысы неге Ақтауға келмеді? Неге оны Маңғыстау облысына өңірдің Дзюдо федерациясының басшысы шақырмады деген сауал туындайды. Дзюдодан Олимпиаданың екі мәрте, әлемнің жеті дүркін чемпионы, даңқты ...
Read More »