• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Еліміздің автонарығы қалай дамуда?

    Алматыда «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» атты кезекті конференция өтті. Іс-шарада еліміздің автомобиль нарығындағы, сондай-ақ кредиттеу, сақтандыру, автомобиль бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, ахуал, цифрлық шешімдер мен сервистерге ерекше назар аударылды. Конференцияда Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Әбуев, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің директоры Ялкунчан Ганиев,  Freedom Drive ЖШС-нің және Freedom Mobile ЖШС-нің  директоры ...

    Read More »

    Канвон-2024: Олимпиадаға қатысатын Қазақстан хоккейшілері анықталды

    Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында жалауы желбірейтін қысқы Олимпиялық ойындарға қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады. Хоккейшілер 15 қаңтарда спорттың басқа да түрлерінен жарысқа қатысатын отандастарымызбен бірге Астанада Оңтүстік Кореяға аттанып, Каннын қаласына жетті. Осы жерде құрама команда 20 қаңтарда Польшаға қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Бұл ойынға команда 16 жасқа дейінгі ...

    Read More »

    Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жарытлай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» клубымен келісімшарт жасасты. Бұған дейін 25 жастағы ойыншы осыған дейін Словенияның «Копер» клубында ойнады. Оның алдында Қостанайдың «Тобыл», Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ақсу» мен Латвияның «Даугавпилс» пен Ресейдің «Чайка» командаларында өнер көрсетті. Рамазан Оразов 2021-2022 жылдары бір жарым маусым «Ақтөбенің» намысын да қорғады. Ол соңғы ойнаған клубында «Копердің» сапында алаңға 12 ...

    Read More »

    Өскеменде белгілі спортшыны атып кетті (ВИДЕО)

    Өскеменде белгілі жекпе-жек шебері Эльер Юнусметовты көшеде көз жұмды. «Криминальный Казахстан» телеграм арнасының ақпаратына қарағанда, Эльер Юнусметовты үйінің жанында әйелінен қызғанған ер адам тапаншамен атып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмған. Эльер Юнусметов кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық жекпе-жек, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған. 13 қаңтарда күндіз Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде орналасқан №98/2 үйдің жанында ...

    Read More »

    Түркияда көшпенділер ойындары талқыланды

    Түркияның Ыстанбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекцияның жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады. Туризм және спорт вице-министрі көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлады дирекция. Дирекция жетекшісі Наиль Нұров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары Олимпиадаға аттанды (ВИДЕО)

    Астанада IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Салтанатты іс-шараға туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, федерация басшылары мен мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты. Іс-шарада жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде ...

    Read More »

    Аустралияда «Үлкен дулыға» турнирі басталды

    Бүгін Аустралияның Мельбурн қаласында жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионаты басталды. Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаға жеребе жолдас болмай, алғашқы айналымда-ақ қиын қарсылас түсті, деп хабарлады RRaketkasi. Рыбакина 31 жастағы чехиялық теннисші  Каролина Плишковамен ойнайды. Бұл спортшы әлемдік рейтингіде 37-орында тұрғанымен, кезінде бірінші ракетка атанған аса тәжірибелі ойыншы. Чехия теннис мектебінің мықты екенін бүкіл әлем ...

    Read More »

    Астанада Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін турнир өтеді

    Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam  турнирі өтеді . Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесіне сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстрылды. Турнир 10-12 мамыр күндеріне жоспарланып отыр. Бұл жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бірінші орын -үшін 1000 ұпай, ...

    Read More »

    Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды

    Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді. 50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай ...

    Read More »

    Ұлттық құрама мергендері тағы төрт жүлдені жеңіп алды

    Нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір ұлттық құраманың спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында ...

    Read More »