• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2021

    Ізгілікпен өрілген өмір

    Бүгін Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде есімі елге белгілі спорт журналисі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты және Яхонтев атындағы бүкілодақтық «Сөз өнері» байқауының жүлдегері Ақын Ордабайұлының «Ізгілікпен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері және шағын футболдан БАҚ өкілдері мен ардагер спортшылар арасында турнир болып өтті. Ақын Ордабайұлының кітабында оның 30 жылдан бері спорт журналистикасы саласындағы жұмысы сарапталып, ...

    Read More »

    Еңбек еленсе есте қалады

    Қазіргі таңда дүниежүзін жайлаған індеттің әсері біздің елге де тиіп тұр. Дегенменде  осындай қиын кезде індетке мойынұсынбай күресудің ең бір тиімді тәсілі спорт деуге болады. Спорт – денсаулық кепілі десек, денешынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Қаркен Ахметов ...

    Read More »

    Астанада Дзюдо орталығы ашылды

    Бүгін «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығында Дзюдо орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және денешынықтыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шараға Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров және «Нұр-Сұлтан» ОДО» директорынының міндетін атқарушы Мұратбек Қыпшақбаев қатысты. Қайрат Пернешұлының алғысөзінен кейін жас дзюдо шеберлері жаттықтырушы Сергей Пактың басшылығымен аз уақыт ...

    Read More »

    Тектіден текті туады

    Бүгінгі сенбі қуанышты жаңалықтармен жанымызды қуантты. Қазақтың аты әйгілі комментаторы, белгілі спорт журналисі Диас Ілиясұлы Омаровтың өміржолына арналған тамаша бір кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартып отыр. «Вел репортаж Диас Омаров» деген атпен жарық көріп отырған естелік-эсселер жинағы, атақты комментатордың қазақ спортындағы елеулі еңбектері сағынышпен еске алынады. Менде әйгілі ағамен спорт журналистикасында көп жылдар бойы қасында жүріп, тәрбиесін көрген шәкірттерінің бірі ...

    Read More »

    Елден шыққан ерлердің бірі

    Ералы Жалмағанбетұлы туралы бір үзік сыр Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл болады. Мұндай соғыс жер-жүзінде бұрын-соңды болмаған. Ол адамзат тарихында миллиондаған адамның өмірін алған алапат соғыс болып қала береді. Бұл соғысқа миллиондаған отандасымыз секілді Жалмағанбет Елдесұлы бабамыздың  алты ұлы мен немересі де қолына қару алып, қатысқан. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда аталарымның анасы Бәтима әжем осының бәрі ...

    Read More »

    Дарындарды дайындайтын директор

    Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, Еуропа құрлықтарының екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, 1997 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжанов Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы  №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. 2018 жылдан бері талантты жасөспірімдерді спорттың  сегіз түрі бойынша оқытатын мектепте 584 оқушы білім алады. Бұл спорт ордасындағы ...

    Read More »

    Кең пейілді азамат

    Бір Алланың жаратуымен дүние кеңістігіне періште ретінде жіберілген əрбір жанның өзіндік жолымен өмірлік мақсат-міндеті, сара жолы болатынын білеміз. Өзінің үлкен азаматтығымен адами қасиеттерінің арқасында алынбас асуларды алып, бағынбас белестерді бағындырып жүрген Ақтөбе қаласында тұратын  сыйлас, жерлес ағамыз Мұсағали Тасқалиев 2021 жылғы 3—қаңтар күні ердің жасы 50-ге толды. Бала күнінен құдіретті қаламның қыр-сырын терең сезініп, өлең иірімдерімен эссе-əңгімелер жазуды жақсы əдетке ...

    Read More »

    Мың тағзым сізге, майдангер

    1941-1945 жылдары елін қорғауға аттанған қыз-жігіттерін кеуделерінде намыс оты ойнап, патриоттық сезімнің жалындағаны бізді бүгінгі бейбітшілік өмірге әкелді. Бүгінгі ұрпақ сол кездегі жалынды жастарға, бүгінгі ардақты ардагерлерге, аталар мен әжелерге мәңгілік қарыздармыз. Олардың ерліктері мен өнегелі істеріне бас иеміз, себебі олар біз үшін болашақтың қамы үшін  қымбаттыларынан айырылды, өмірлерін құрбан етті. Төрт жылға созылған алапат соғыстың   жеңісі – Ұлы Жеңіс! ...

    Read More »

    Қазақ волейболының атасы

    Қазақстан волейболының атасы Октябрь Жарлығапов туралы бір үзік сыр «Тартыспен түскен бейнетпен келген жақсылық қана шын мәнінде қымбат табыс» М.Әуезов Қазақстандағы волейболдың қалыптасу ошағы неден басталғаны туралы сөз еткенде  осы бір теңдесіз текті спорт өнерін елімізде негізін қалаған, аты әйгілі волейбол шебері, сонау  Алматынының «Буревестник» командасын адам айтса нанғысыз деңгейге көтерген дарынды жаттықтырушы, волейболдан еліміздегі тұңғыш КСРО спорт шебері, 1960 ...

    Read More »

    Ақ тілектер ағылған күн

    Ақтөбе қаласындағы «Алтын орда» мейрамханасында «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиевтің 50 жасқа толған мерейтойы және Шығыс қыздарынан шыққан Кеңес Одағының тұңғыш Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған «Мәншүк – қайсар, қаһарман» әнінің тұсаукесері мен қазақтан шыққан Кеңес Одағының Батырлары туралы жазылған «Ұлт батырлары» кітабының таныстырылымы болып өтті. Мұсағали Сабырғалиұлының 50 жасына Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан кең байтақ ...

    Read More »