• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 20.03.2023

    Париждің мэрі Ресей мен Беларусьтің Олимпиадаға қатысуына қарсы шықты

    Францияның астанасы — Париж қаласының мэрі Анн Идальго ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы болатын Олимпиялық ойындарға өз елдерінің туымен қатысуына қарсылық білдірді. Мен ХОК бұған рұқсат беруін елестете алмаймын. Мен мұны болдырмау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз қазір әрекет етуіміз керек. ХОК-тың Олимпиаданы өткізу үшін Парижді таңдауының символдық мәні бар. Өйткені, Париж — адам құқықтарының астанасы, — деді ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »

    Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны әлемдік турнирдегі жеңісімен құттықтады. Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына. Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Ол финалда әлемнің ...

    Read More »

    Рыбакина жеңісі үшін 1 млн доллардан астам жүлде алды (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған соң, 1 млн доллар жүлде жеңіп алды. Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, екі сағаттан астам уақытқа созылған сында қарсыласын 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан Австралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды. Мен ...

    Read More »

    Қазақстан командасы дзюдодан Еуропа кубогының иегері атанды

    Латвияның астанасы – Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Федерация мәлім еткендей, 18 – 19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді. Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі ...

    Read More »

    Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Рыбакина финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де ол 6:4 есебімен жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың ...

    Read More »

    Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

    UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы -америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты. UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады, — деді ол Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында. Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай ұтылып қалды

    Боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол жарысты 50 келі салмақта 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен болды. Кездесуде Қызайбай жеңіліп қалды. Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия чемпионы.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »