• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2023

    Таэквондодан ӘЧ: Қазақстан құрамасының жолы болмай жатыр (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан таэквондодан XXVI әлем чемпионының үшінші жарыс күні мәресіне жетті. Жарыс жолына ұлттық құрама сапынан Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) мен Ботакөз Қапанова (49 кг) шықты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Алғаш болып даянгқа шыққан Нұрлан Мырзабаев (80 кг) ирландиялық Райан Дойлды айқын басымдықпен ұтқан ...

    Read More »

    100 мың доллар: Бокс федерациясы сыйақы тапсырды (ВИДЕО)

    Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында құрмет тұғырынан көрінген ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлері мен жаттықтырушыларды марапаттап, сыйақы тапсырды, деп хабарлады Бокс федерациясы. Кездесуде Бокс федерациясының басшысы ұлттық құрама команданың бес спортшысы мен жаттықтырушыларына жеке қаржысынан ақшалай сертификатты табыс етті. Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

    Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде қытайлық спортшы 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші сетте Путинцева 6:2 есебімен ұтты. Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

    Read More »

    Павлодарлық журналист Меккеге велосипедпен бара жатыр

    28 мамыр күні Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов Екібастұз қаласынан Сауд Арабиясының Мекке қаласына аттанды. Бұл туралы осы басылымның бас редакторы Мұсағали Тасқалиев айтты. Біздің  «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов велосипедпен Екібастұз қаласынан қасиетті Меккеге қажылық парызын өтеуге шықты. Бұл сапар «Құнанбайдың ізімен Мекке сапары» деп аталады. Әріптесіміз Қазақстаннан Әзербайжанға, одан ...

    Read More »

    Баходир Жалолов ең мықты соққысының видеосын көрсетті (ВИДЕО)

    Бокстан Олимпиада және әлем чемпионы Баходир Жалолов Токио қаласында өткен Олимпиялық ойындардағы ең мықты соққысының видеосын көрсетті.   Баходир Жалолов Олимпиадада 92 келі салмақта алтын иеленген болатын. Одан кейін ол биылғы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл менің мансабымдағы ең үздік сәт, — деді ол Instagram-да. Өзбек боксшысы – Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы. 2015 жылғы әлем чемпионатының ...

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жастағы Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда есеп 3:3 болған кезде чехиялық спортшы брейкпен алға шыққан еді. Бірақ Рыбакина оның жеңіске деген жігерін көп ұзатпады.  Қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен ...

    Read More »

    Таэквондодан ӘЧ: Жансель Дениз жүлдеге қол созым жерде жеңілді (ФОТО)

    Бүгін Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан таэквондодан XXVI әлем чемпионының екінші жарыс күні татамиге ұлттық құрама сапынан Самирхон Абабакиров (58 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) шығып, ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Тәжірибелі Жансель Дениз Грекия құрамасының осы салмақтағы көшбасшы Анастасия Делидимитрис пен испаниялық ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы матчтарға тізімін жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 16 маусымда Сан-Марино командасымен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия құрамасымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 34 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат ...

    Read More »

    Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

    Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп – 4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген ...

    Read More »

    Таэквондодан ӘЧ: Қазақстанның екі спортшысы екінші айналымда сүрінді

    Бүгін Әзербайжан Республикасының астанасы – Баку қаласында таеквондодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы бәсекеге 145 елден 950-ден астам таңдаулы спортшы жиналды. Олар алғашқы жарыс күні Олимпиада бағдарламасына кіретін екі салмақта сынға түсіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары – Эльдар Бірімбай (68 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) жарысты екінші айналымда аяқтады. ...

    Read More »