• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2023

    Криштиану Роналду голдан кейін сәжде жасады (ВИДЕО)

    Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының ойыншысы, португалиялық футболшы Криштиану Роналду «Әл-Шабаб» командасының қақпасына гол салғаннан кейін басын сәжде жасады. Ол гол салып, алаңның шетіне жүгіріп келіп»»Si-i-i-u-u-u!» деп айқайлап кері бұрылды да басын сәждеге қойды. Бұл матчта «Әл-Наср» клубы 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, камбек жасады. 59-минутта Роналдудың голы командасына жеңіс әкелді. Оның алыстан тепкен добын қақпашысы қайтара алмады. Роналдудың сәжде жасағаны жергілікті ...

    Read More »

    Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Бүгін Алматыда Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, скит бағдарламасында аралас жұптық сында Қазақстан спортшылары Италияның екінші құрамасына жол берді. Бұл жарыста Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италияның бірінші құрамасына бұйырды. Еске сала ...

    Read More »

    Ақтауда жазғы Универсиада ойындары жалауын көтерді (ФОТО)

    Қазір спорт сүйер қауым мен студент жастардың назары – Маңғыстау облысында. Өйткені, Ақтау қаласында бұрын-соңды болмаған спорт бәсекесі болып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен 24 мамыр мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары өтеді. Универсиада – мәртебесі жағынан Олимпиялық ойындардан кейінгі екінші орындағы спорттық сайыс. Бірақ бұған дейін әр ...

    Read More »

    Мира МҰХАМАДИЕВА: «Ақтау Универсиадасының жеңімпаздары Қытайда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға жолдама алады»

    Ақтауда ХІІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Осыған орай  Оқу-ағарту министрлігі Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мира Мұхамадиеваға хабарласып сұхбат алдық. – Мира Бекқазықызы, Маңғыстау облысына қош келдіңіз! Бүгін басталған Ақтау универсиадасында жеңіске жеткен спортшылар Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарына қатыса ала ма? – Иә, Есенов университеті ұйымдастырып жатқан осы ХІІ жазғы Универсиада ойындарында бірінші орын ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қақпасына салынған шайба дауға айналды (ВИДЕО)

    Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы әлем чемпионатындағы соңғы матчын өткізді. Соңғы ойында ұлттық құраманың хоккейшілері Словения командасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Ал оның алдында Латвия құрамасымен ойында отандастарымыз 7:0 есебімен жеңілген болатын. Осы матчта Латвияның Қазақстан қақпасына салған үшінші шайбасы дауға айналды. Екінші кезеңнің басында Мартинш Дзиеркалс үшінші шайбаны соққанда, ол спортсүйер қауым үшін өте даулы болып көрінген. Бірақ гол ...

    Read More »

    Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогын жеңіп алды

    Алматыда стенд атудан ұлттық құраманың мүшесі Әсем Орынбай Әлем кубогының иегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхонмен 50 ұпайдан тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет ...

    Read More »

    Рыбакинаның табысы жарияланды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе теңгемен есептегенде 252 млн теңге сыйақы алды. Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды. WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері  10 млн 113 ...

    Read More »

    Белгілі ММА шебері кәсіпкерлерге алданып қалды (ВИДЕО)

    Белгілі ММА шебері, ережесіз жекпе-жектен Qazaq атымен танылған Қайрат Ахметов Sportnama жобасына сұхбат беріп, кәсіпкерлердің алдап кеткенін  айтты. Ол бір адамдардың телефон шалып, қымбат көлік сыйлайтындарын айтқанын, бірақ сол автокөлікті әлі көрмегенін жасырмады. Маған түнгі 3-те телефон шалып «Бауырым, құтты болсын, саған көлік сыйлаймын!», — дегендер болды. Бұл бір емес, екі-үш рет болды. Менің жүрегім дүрсілдеп, менің де кәдімгідей еңбегімді ...

    Read More »

    Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Рыбакина 5090 ұпай жинап, төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) басып озды. Қазір ол рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуладан небәрі  115 балл ғана қалып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның басқа да теннисшілері ...

    Read More »

    Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Калинина матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. ...

    Read More »