• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2023

    Месси ПСЖ-дан кетеді — БАҚ

    Футболдан Аргентина ұлттық құраамсының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшартты  ұзартпайтын болып, футбол маусыымның соңында командадан кететінін ескертті. Бұл туралы әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо айтты, деп хабарлады championat.com Инсайдердің айтуынша, футболшы мен ПСЖ клубының басшылығы бір келісімге келе алмаған. Бұған дейін де көп рет Мессидің Франция клубынан кететінін туралы айтылып келген еді. Енді мәселе түбегейлі шешілшен сияқты, — ...

    Read More »

    Әлем чемпионатында Қытай намысын қорғаған қазақ 12 млн теңге сыйақы алды

    Бокстан әлем чемпионатында Қытай намысын қорғап, күміс медаль жеңіп алған этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан туған қаласына оралды, деп хабарлады meta-ratings.kz. Былғары қолғап шеберін туған жерінде жақындары мен жанкүйерлері күтіп алған. Сонымен қатар жергілікті әкімдік Тоқтарбекке 200 мың юань (жобамен 12 млн теңге) сыйақы табыс еткен. Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатхан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалға ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос» турнирінің жеребесі тартылды

    Қазақстанның алғашқы раундта ойнайтын қарсыластары анықталды 28 мамырда теннистен Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос 2023» турнирі басталады. Осыған байланысты әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сындағы жеребе тарту рәсімінің нәтижелері белгілі болды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен (квалифайер) немесе іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде жеңілген теннисшімен (лаки-лузер) кездеседі. Юлия Путинцева бірінші айналымда бельгиялық Марина Заневскаямен (88-ракетка) ...

    Read More »

    Тағылымы зор тартымды кездесу

    Еліміздің әр өңірінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық акция өтіп жатқаны белгілі. Осы акция аясында Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы, WBO орта салмақтағы құрлықаралық чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Қанат Исламмен кездесу болып өтті. «Бүкіл адамзаттың келешегі — жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Лондонда Билли Джин Кинг кубогыгың (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогын жеті рет жеңіп алған Австралиямен және Словениямен ойнайды. Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады. Қазақстан әйелдер құрамасы сәуір айында іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Испанияның ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа жейдесі таныстырылды (ВИДЕО)

    Қазақстан футбол федерациясы және Errea Sport компаниясы УЕФА-ның құрама командалар үшін жаңа футбол экипировкасын дайындау бағдарламасы аясында ұлттық құрама командаларының жаңа ойын жейдесін таныстырды. ҚФФ-ның хабарлауынша, былтыр Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА ұлттық құрамалардың жаңа футбол экипировкасын дайындау мен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге келген. Келісім жаңа, қайталанбас өзіндік дизайнды жасауға мүмкіндік береді. Барлық экипировка денсаулыққа жағымсыз әсер ететін заттарға қарсы ...

    Read More »

    IBA бірнеше елдің бокс федерациясын шеттетті

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жеті елдің бокс федерациясын шеттетті. Қауымдастықтың мәліметіне қарағанда, Жаңа Зеландия, Германия, Швеция мен Нидерланды басқа бокс ұйымының мүшесі болуына байланысты, ал Чехия, Либерия және Экваторлық Гвинея елдерінің федерациялары IBA-ға жылдық есептерді беру кезінде жіберген қателерге байланысты IBA-ның мүшесі болып саналмайды. Жақында Халықаралық бокс қауымдастығы Өзбекстанның Ташкент қаласында ересектер арасында әлем чемпионатын өткізген болатын. Осы додаға 107 мемлекеттен ...

    Read More »

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Даңқ залына жазылды

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Жекпе-жек өнерінің даңқ залына жазылды. Ол әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 10 айқаста ғана жеңілген. Қазір оның жасы 49-да. Жиров 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген. Осы жарыста ол Вэл Баркер кубогын алды. 1993, 1995 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы болған. Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысады. ...

    Read More »

    Алпыстың асқарындағы Желтоқсан батырларының аламаны

    Жақында Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен ғасырлар бойы Алаш жұрты арман еткен ел тәуелсіздігіне қол жеткізген, тарих бетінде өшпес із қалдырған Желтоқсан ардагерлері арасында «БӘРІН ДЕ КӨРДІҢІЗДЕР, СІЗДЕР АЛПЫСҚА КЕЛДІҢІЗДЕР» айдарымен волейболдан Алматы  қалалық турнирі өткізілді. Жарыс алаңында тек қана Желтоқсан ардагерлері  шығып, жеңіс үшін бар шеберліктерін көрсетті. Желтоқсан ардагерлері арасындағы аламан жарыс Алматының Ұлжан шағын ауданында орналасқан № ...

    Read More »

    «Ол мені алдап кетті»: ресейлік боксшы Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойындамады (ВИДЕО)

    Ресейлік боксшы Имам Хатаев Russian today ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ташкентте бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойныдамайтынын айтты. Еске сала кетсек, қазақ боксшысы 80 келі салмақта ресейлік спортшыны жартылай финалда жеңіп, финалға шыққан болатын. – Қола медаль да үлкен жетістік қой. Алайда сіз бір сөзіңізде әлем чемпиоантына алтын жүлде алу үшін барғаныңызды айтып қалдыңыз. Әлемдік додадағы нәтижеге көңіліңіз тола ...

    Read More »