• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Атақты қорғап қала алмадық

    Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі өтті. Елден аттанғанда сіздерден сүйінші сұраймын деген едім. Өкінішке қарай, жеңілістің кермек дәмін татып, жүрегім езіліп тұр. Әрине, бұл – спорт. Тағдырың жұдырықпен шешілетін үлкен дода. Кәсіпқой бокстың қызығы да, қиындығы да осы. Әйтсе де еліміздің талантты ұлының бірі Геннадийді жазғырудың еш қажеті жоқ. Нағыз батырға лайық өнер ...

    Read More »

    Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті

    Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...

    Read More »

     «Қанға — қан, жанға – жан!»

    Головкин мен Альварестің қарымта шайқасы күллі әлем жанкүйерінің көзінің жауын алып отыр. Ойпырмай, не болар екен?: Ассалаумағалейкум, sportpress.kz спорт сайтының оқырмандары! Біз тағы да үзеңгіге аяқ салып отырмыз, тағы да аттанып бара жатырмыз. Басты мақсатымыз сонау Американың Невада штатында оның Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин мен Альварестің шайқасын көру. Және де көріп қана қоймай, сол жақтан елге хабар таратпақпыз. Бұл жолғы ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов — шойын жұдырықты жаттықтырушы

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың кезінде шаршы алаңда ел намысын қорғап, дүрмекті додаларда еліміздің жалауын биікке көтерткен атақты былғары қолғап шебері болғанын білеміз. Жақында біз, www.sportpress.kz сайтының редакциясы Мырзекеңнің 1990-жылдардағы жекпе-жектерін қарап отырып, ықшамдалып түсірілген мына видеоны жариялауды жөн көрдік. Бұл бейнежазбада Мырзағали Айтжановтың рингте намысты қолдан бермейтін нокаутер боксшы болғанын, қарсыластарын бірінен соң бірін сұлатып, ...

    Read More »

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылғанына 5 жыл болды. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған конфедерация құрамына еліміздегі ең жақсы дамыған бес спорт түрі енді. Осы жылы бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі бір шаңырақтың астына бірігіп, конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бес жылда отандастарымыз спорттың ...

    Read More »

    Бокстан Қазақстан чемпиондары анықталды

    Биылғы Қазақстан чемпионатының ерек­шелігі, Бокс федерация­сы АІВА-дан «үш жұлдызды» екі төрешіні шақырған еді. Ағылшын және ирландиялық төрешілердің мін­деті – қазылардың жұмысын бақылап, әділ бағасын беруге жәрдемдесу. Жарыс барысында шетелдік төрешілер Пинчук пен Құтты­бе­ков арасындағы жекпе-жекті қайта қарап, финалға Антон Пинчукті жіберді. Тап осындай жағдай финалда да кездесті. 51 кило салмақта маң­ғыс­таулық Азамат Исақұлов пен оңтүстікқазақстандық Олжас Байниязовтың арасындағы теке­ті­ресте 4:1 ...

    Read More »

    Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

    Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды. 27 жастағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйек күні АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Эйбур Райт. Кездесу төрт раундқа есептеліп отыр. Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко осы жылдың басында MJA Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Алайда, компания басшылығы өз уәделерін орындамауына байланысты қос боксшы келісімшарттарын бұзған. ...

    Read More »

    Головкин-Альварес. Ұйымдастырушылар қанша қаржы тапты?

    Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіндегі төрешілердің қанша қаржы алғаны белгілі болды. Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде Дон Трелла, Дейв Моретти және Аделаида Берд төрелік етті. 12 раундтың қорытындысы бойынша айқастың жеңімпазы анықталмай, тең аяқталған болатын. Аделаида Берд 118-110 есебін ...

    Read More »

    Головкин мен Альварес жекпе-жегі тең аяқталды

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жек тең аяқталды. Бастапқы раундтарда «Канело» белсенділік танытып, Головкинге бірнеше соққысын дартыта білді. Дегенмен, джеб соққылары Альвареске дөп тиді. Үшінші-төртінші раундта Геннадий жылдамдығын арттырып, жекпе-жекке кірісе бастады. Альварестің осал тұсын тауып, бүйірден соққылауға тырыстып бақты. Бесінші раундта Головкин шабуылды ...

    Read More »

    Қанат Ислам жеңіліп көрмеген канадалық боксшыны нокаутқа түсірді

    Қазақстандық боксшы Қанат Ислам ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Брэндон Кукты жеңді. Қанат Ислам Астанада кәсіпқой бокстағы 25-жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Бірінші раундта канадалық боксшы белсенділік танытты. Өз кезегінде Қанат сауаттылық қарсыласының осал тұсын тауып,  сәті келгенде соққы жасап қалуға тырысты. Ал екінші раундта дәл соққыларымен қарсыласын бір есеңгіретіп алғандай болды. Қанат қарсыласының жұдырықтасу мәнерін жіті бақылап, үшінші ...

    Read More »