• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Канело» Мессиден кешірім сұрады

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес футболдан Аргентина ұлттыұ құрама командасының ойыншысы Лионель Мессиден кешірім сұрады.

    «Кейінгі бірнеше күн еліме деген сүйіспеншілік мені елітіп кетті. Содан артық айтып қойған екенмін. Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұрағым келеді. Күнде бір жаңа дүниені біліп жатамыз. Бұл жолы менің кезегім келіпті, — деп жазды «Канело» Twitter желісінде.

    Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес Мессиді киім ауысыратын бөлмеде аяғының астына мексикалық ойыншының жейдесін басып тұрғаны үшін  көрген жерде бір ұрып құлатамын деп сес көрсеткен болатын. Боксшының сөзінен кейін көп ұзамай, олардың арасына мексикалық ойыншы түсіп, «Канелоның» Мессиді дұрыс түсінбегенін, оның жейдесі аргентиналықтың аяғының астында  жатса, одан үлкен проблема жасамау керектігін, өйткені футболшылар киім ауыстыратын бөлмеде қуанышты сәтті қойындарына сыйғыза алмайтынын, мұндай сезімді 90 минут ала доптың соңында жүріп, маңдай термен жеңіске жеткен адамның ғана түсінетінін ескертті. Осыдан кейін боксшы отандасының сөзіне тоқтамға келіп, Мессиді дұрыс түсінбегенін, одан кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *