• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Атақты боксшы Болат Теміров қайтыс болды

    Бокстан КСРО чемпионы, Қаз КСР және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Болат Теміров 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада мен бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысқан. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы карьерасын аяқтағаннан кейін бизнеспен айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды. Атырау облысының құрметті азаматы болды. Қазақстан бокс федерациясы ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші рет әке атанды

    Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалық айтты. Ол төртінші рет әке атанды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды. Төртінші. Әлхамдулиллах! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек!, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Ангелина Лукас UBO чемпионы атанды

    Боксшы Ангелина Лукас Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізіп, UBO чемпионы атанды. Ол бұл титул үшін, яғни UBO тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Танзания өкілі Лулу Каягемен кездесті. Кездесуде Лукастың қарсыласы екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетіп, UBO-ның әлем чемпионы атанды. Ал Лулу ...

    Read More »

    Жанқош Тұраров IBO чемпионы атағын жеңіп алды

    Жанқош Тұраров Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Ол венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен шаршы алаңғңа шықты. Жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы сарапқа салынды. 10 раундқа есептелген айқаста отандасымыз жетінші раундта жеңіске жетті. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне жетіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді. Ал Луис Энрике Ромеро ...

    Read More »

    Кәсіпқой боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

    Боксшы Николай Шваб АҚШ-тың Оңтүсік Каролина штатында өткен Рок-Хилл бокс кешінде америкалық Габриэль Смитпен жекпе-жекке шықты. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша Николай Шваб кәсіпқой бокстағы оныншы рет жеңіске жетсе, Габриэль Смит алтыншы рет жеңіліп қалды. Шваб өзінің алдыңғы жекпе-жегінде венесуэлалық боксшы Хесус Куадроны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеу – WBA ...

    Read More »

    Боксшыларға Қазақстан чемпионы атануға бір қадам қалды

    Осы күндері бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер болады. Назарларыңызға барлық салмақ дәрежелерінде жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлерін ұсынамыз: 48 кг Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Рысхан Тәліп (Шымкент) Ернар Қарап (Абай облысы) — Ернұр Қайрат (Алматы) 51 кг Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы) — Жомарт Ержан (Түркістан облысы) Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) — Даниял ...

    Read More »

    Айдос Ербосынұлы ауыр нокауттан кейін елге оралды

    Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы елге оралды. Қараша айының алғашқы аптасында боксшы кубалық Давид Моррелмен кездесуде 12-раундта нокаутқа түсіп, алғаш рет жеңіліс тапқан еді. Содан кейін ол ауыр соққыдан есін жия алмай, ауруханаға жатқызылды. Боксшы АҚШ-та бір ай ауруханада комаға түсіп, одан кейін есін жиып, ем алды. Бұған дейін Айдос Ербосынұлы отандастарымызға Instagram-да видеоүндеу жолдаған болатын. Маған жанкүйер болған жандардың бәріне ...

    Read More »

    Алматыда боксшылар титулдық жекпе-жек өткізеді

    Қазақстан боксшылары 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін кеште бірден үш титулды жекпе-жекке шығады. Бокс кешінің ұйымдастырушысы Movida promotions мәліметіне қарағанда, басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике Ромеро жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді. Жеңіл салмақтағы боксшы Ангелина Лукас UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін танзаниялық Лулу Каяджемен кездеседі. Ал орта салмақтағы Елхан Табынбаев WBC Intercontinental белдігі үшін бразилиялық ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты

    АҚШ-та боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты. Ол соңғы жекпе-жегінде нокаутқа түсіп, ауыр жарақат алып, комаға түскен еді.   Instagram-да Айдос Ербосынұлының видеоүндеуі жарияланды. Маған жанкүйер болған жандардың бәріне Алла разы болсын! Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Айналысып жүрген кәсібіміз – бокс . Ол нағыз ерлердің спорты болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз ғана емес, әйгілі Пакьяолардың өзі ауруханаға талай рет түсіп, рингке ...

    Read More »

    «Канело» Мессиден кешірім сұрады

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес футболдан Аргентина ұлттыұ құрама командасының ойыншысы Лионель Мессиден кешірім сұрады. «Кейінгі бірнеше күн еліме деген сүйіспеншілік мені елітіп кетті. Содан артық айтып қойған екенмін. Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұрағым келеді. Күнде бір жаңа дүниені біліп жатамыз. Бұл жолы менің кезегім келіпті, — деп жазды «Канело» Twitter желісінде. Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес Мессиді киім ауысыратын ...

    Read More »