• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

    Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды. 27 жастағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйек күні АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Эйбур Райт. Кездесу төрт раундқа есептеліп отыр. Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко осы жылдың басында MJA Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Алайда, компания басшылығы өз уәделерін орындамауына байланысты қос боксшы келісімшарттарын бұзған. ...

    Read More »

    Головкин-Альварес. Ұйымдастырушылар қанша қаржы тапты?

    Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіндегі төрешілердің қанша қаржы алғаны белгілі болды. Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде Дон Трелла, Дейв Моретти және Аделаида Берд төрелік етті. 12 раундтың қорытындысы бойынша айқастың жеңімпазы анықталмай, тең аяқталған болатын. Аделаида Берд 118-110 есебін ...

    Read More »

    Головкин мен Альварес жекпе-жегі тең аяқталды

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жек тең аяқталды. Бастапқы раундтарда «Канело» белсенділік танытып, Головкинге бірнеше соққысын дартыта білді. Дегенмен, джеб соққылары Альвареске дөп тиді. Үшінші-төртінші раундта Геннадий жылдамдығын арттырып, жекпе-жекке кірісе бастады. Альварестің осал тұсын тауып, бүйірден соққылауға тырыстып бақты. Бесінші раундта Головкин шабуылды ...

    Read More »

    Қанат Ислам жеңіліп көрмеген канадалық боксшыны нокаутқа түсірді

    Қазақстандық боксшы Қанат Ислам ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Брэндон Кукты жеңді. Қанат Ислам Астанада кәсіпқой бокстағы 25-жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Бірінші раундта канадалық боксшы белсенділік танытты. Өз кезегінде Қанат сауаттылық қарсыласының осал тұсын тауып,  сәті келгенде соққы жасап қалуға тырысты. Ал екінші раундта дәл соққыларымен қарсыласын бір есеңгіретіп алғандай болды. Қанат қарсыласының жұдырықтасу мәнерін жіті бақылап, үшінші ...

    Read More »

    Кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев ашық жаттығу өткізеді

    Бүгін, яғни 8 тамызда Астанада WBC International чемпиондық белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев АҚШ-қа кетер алдында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлерге арналған ашық жаттығуын өткізеді. Бекманның ашық жаттығуы «Мәскеу» бизнес-орталығындағы «Bronx» бокс залында өтеді. Боксшы көпшілікке өзінің техникалық және функционалдық дайындығын паш етіп, өзінің осы жылға арналған барлық жоспарларымен бөліседі. Сондай-ақ, Сойлыбаевтың командасы боксшының алдағы жекпе-жекте шаршы алаңға киіп шығатын формасын таныстырады. ...

    Read More »

    Қанат «Жаман баламен» жұдырықтасады

    9 қыркүйекте елорданың дәл төрінде халықаралық ЕХРО көрмесі аясында әйгілі спортшымыз Қанат Исламның қатысуымен керемет кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі. Сөз орайы келгенде, бұл шара Мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, ZHERSU өндірістік-инвестициялық корпорациясы, Астана қаласы әкімшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен абзал. Осы кеште Қанаттың кіммен жұды­рық­­тасатыны кеше ғана белгілі болды. Ол – «Жаман бала» ...

    Read More »

    Бейбіт Шүменов бокстан кетті

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ресми түрде карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Шүменовтің айтуынша, жаттығу кезінде көзінен алған жарақаты тым ауыр болды. Дәрігерлер оған бокстағы жолын жалғастыруға тыйым салды. Себебі, қатты соққы алар болса, көзі көрмей қалуы әбден мүмкін. Боксшы шілде айында кезекті рет ота жасатады. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Шүменовті тұрақты чемпион атағынан айырғаны хабарланды. Бейбіт аталған ұйымға денсаулығына байланысты ...

    Read More »

    «Астана арландары» британдық қарсыластарын жеңді

    WSB жартылай финалының екінші жекпе-жегінде рингке 64 кило салмақ дәрежесінде Ділмұрат Мижитов пен Конор Лофтус шықты, деп хабарлайды Sports.kz. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен қарсыласын жеңді, есеп — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45). Осылайша жалпыкомандалық есеп — 3:0 болды. Қазақстандық бокс командасы жарыс аяқталмай жатып жеңімпаз атанды. Еске сала кетсек, жартылай финалға дейін ҚазАқпаратқа сұхбат берген «Астана арландарының» жаттықтырушысы Нұрлан Сәкенұлы финалға шығарда ...

    Read More »

    Қанат Ислам кімдерді тізе бүктіргісі келетінін айтты

    Ол бұл туралы worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында айтып берді. «Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл — менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елімнің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп ...

    Read More »

    «Арландардың» Қытайдағы айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да. Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 кило салмақта Анвар Мұзаппаров, ...

    Read More »