• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан U-22 Азия чемпионаты басталады

    16-27 қаңтарда Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты болады.

    Оған Қазақстан құрама командасының сапында мына боксшылар қатысады:

    48 кг – Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы)

    51 кг – Даниял Сәбит (БҚО)

    54 кг – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы)

    57 кг – Махмұд Сабырхан (Шымкент қаласы)

    60 кг – Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)

    63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы)

    67 кг – Абзал Серік (Шымкент қаласы)

    71 кг – Сабыржан Аққалықов (БҚО)

    75 кг – Диас Молжігітов (Жамбыл облысы)

    80 кг – Ерасыл Жақпеков (Абай облысы)

    86 кг – Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы)

    92 кг – Ерхат Бекзат (Абай облысы)

    +92 кг – Аманат Сабырғали (Атырау облысы)

    Жаңа жыл қазақ боксшылары үшін жақсы жаңалықпен басталып жатыр. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы дүниежүзіндегі 135 ұлттық федерациялардың ішінен 48 100 ұпаймен топ басына шықты. Екінші орында – Өзбекстан (37 600 ұпай). Үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан түйіндеп тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *