• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Айдос Ербосынұлының жағдайы алаңдатып отыр

    Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы әлі комадан шыққан жоқ. Ол әлі есіне келмей жатыр. Осыған байланысты былғары қолғап иесінің АҚШ-та жекпе-жегін ұйымдастырған «Suleimen Promotions» компаниясы мәлімдеме жасады. Компания кәсіпқой боксшының жағдайы туралы әлеуметтік желіде хабарлап, Айдос Ербосынұлының денсаулығы үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын атап өтті. «Suleimen Promotions» компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы. Оның денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Германиядан олжалы оралды

    Германияның Кельн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Әлем кубогы деген атау алып, биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапындағы Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) чемпион атанды. Ал Армат Арманұлы (71 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ишанова финалда қарсыластарынан жеңіліп, күміс жүллені қанағат тұтты. Ал Кенже Мұратұлы (51 кг), Диас Молжігітов ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комада жатыр

    TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді. Sports.kz сайтының хабаралуынша, Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен. TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз. Сондықтан қосымша ...

    Read More »

    Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

    Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді. Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: бүгін Қазақстан құрамасынан үш боксшы рингке шығады

    Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан үш боксшы рингке шығады. Жарыстың төртінші күні жастар арасында әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістіреді. Одан кейін шаршы алаңға Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов көтеріледі. Ол 67 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Сапармұрат Одаевпен кездеседі. Кешкі сессияда 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Назым Қызайбай ширек финалға шықты

    Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай ширек финалға шықты. Екі дүркін әлем чемпионы 50 келіге дейінгі салмақта таиландтық Раксат Чутхаматпен кездесті. Кездесуде жекпе-жек өте тартысты өтіп, төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Назым Қызайбайға берді. Одан басқа Азия чемпионатында әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма ...

    Read More »

    Қазақ боксшылары Германияда бақ сынасып жатыр

    Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Биылғы Әлем кубогы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Австрия, Австралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері қатысуда. Барлығы —  90 ер адам, 37 әйел. Бұл сынға бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар жастар да күш сынасып жатыр. Қазақстан құрамасының тізімі: Ерлер – ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: екі боксшымыз жеңіп, біреуі жеңілді

    Бокстан ересектер арасында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз көтеріліп, екеуі келесі кезеңге жолдама алса, біреуі жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасынан жарысты алғашқы болып 57 келі салмақта  Серік Теміржанов бастады. Ол Түркіменстан елінің өкілі Ихлас Гылычжановтан айласын асырып, келесі айналымға шықты.  Енді ол ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері иорданиялық Юсеф Иашашпен ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатын Серік Теміржанов бастап береді

    Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш боксшысы шығады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының былғары қолғап иелері ринге көтерілген жоқ. Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан) қолғап түйістіреді. Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады. Одан кейін 63,5 кг салмақта Санатәлі Төлтаев  Өзбекстанның боксшысы ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »