• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Украина боксшылары да әлем чемпионатына бойкот жариялады

    Украина бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионаттарына бойкот жариялады. Бұл туралы «Суспільне Спорт» басылымы хабарлады.

    Украинаның боксшылары Ресей мен Беларусь елдерінің әлем чемпионатында өз тулары астында өнер көрсететініне наразылық білдіріп, жарысқа қатысудан бас тартты.

    Біздің жауабымыз қысқа әрі нұсқа.  Біздің спортшылар Ресей мен Беларусь боксшыларының шаршы алаңға шығуына қарсы, — деді Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко.

    Бұған дейін АҚШ, Канада, Англия, Ирландия, Чехия, Швеция, Финляндия, Швейцария мен Нидерланд елдерінің әлем чемпионатына бойкот жариялаған еді.

    Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамырда Өзбекстанның астанасыТашкентте, ал әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурыз аралығында  Нью-Делиде болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *