Грузияның Бакуриани қаласында фристайл акробатикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды.
Қазақстан спортшылары арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалға шықты. Ол іріктеу сынында 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді.
Басқа спортшыларымыздан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орынды иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА