• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жекпе-жек түрлері

    Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

    Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты. Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынана алты қола жүлде түсті

    Беларусь астанасы — Минск қаласында өтіп жатқан ТМД-нің II ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына алты қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ , дзюдо күресінен Алдияр Саин (90 кг) мен Әлихан Назымханов (+90 кг), жеңіл атлетикадан Ангелина Шрубянец (60 метр), Дмитрий Спаский (2000 метр), Алиса Исаева (ұзындыққа секіру) және көркем гимнастикадан қыздар құрамасы ТМД ойындарының қола жүлдегері атанды. Үшінші күннің қорытындысы ...

    Read More »

    Дамир Ысмағұлов UFC-мен келісімшартын аяқтады

    UFC файтері Дамир Ысмағұлов ұйыммен келісімшартын аяқтап, жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтен ресми түрде шығып кетті. Шілде айында Ысмағұлов UFC турнирінде Грант Доусонмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешіммен жеңіліп қалған соң, промоушендер тізімінен шығарылды. Бұған дейін ол рейтингте 14-орында болса, енді оның орнына Мэтт Фревола шықты. 15-орынға рейтингке жаңа қосылған Диего Феррейра орналасты. UFC жеңіл салмақтағы үздік үштікке Чарльз Оливейра, Дастин Порье ...

    Read More »

    Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты (ВИДЕО)

    Франциялық рэпер Freeze Corleone белгілі файтер, жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арнап рэп стиліндегі ән шығарды. Бұл туралы Ресейдің Sports.ru сайты хабарлады. Ән Mangemort Squad деген YouTube желісін пайдаланушының аккаунтында жарияланды. Әннің аты —  Shavkat деп аталады. Оны 10 сағатта 417 мың адам қарап үлгеріпті. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Кевин Гастелумға қарсы ...

    Read More »

    Күрес: Қазақстан балуандары тағы 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді

    Венгрияның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Пойяк Имре мен Варга Янош мемориалының екінші күні ел қоржынына1 күміс, 3 қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ күміс жүлдеге ие болған 61 келідегі Өсімжан Дастанбек. Ол финалда Албания елінің өкілі Зелимхан Абакаровқа есе жіберді. Осы салмақта жерлесіміз Асылжан Есенгелді грузин Шота Партенадзеден басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Тағы бір ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

    Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды. Бұл туралы Twitter-дегі UFC Roster Watch парақшасында хабарланды. Спортшы UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді. Ол соңғы жекпе-жегінде Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді. Сонымен, Жұмағұловтың есебінде UFC-де 1 жеңіс пен 6 жеңіліс бар. Осылайша ол 3 жекпе-жекте бөлек шешіммен жеңілген алғашқы жауынгер болды.   Дәурен ЕРБОЛАТ, АСТАНА

    Read More »

    Шавкат Рахмоновтың қарсыласы белгілі болды

    UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйекте америкалық Келвин Гастелумпен жекпе-жекке шығатынын айтты. Осы күні UFC турнирінің басты жекпе-жегінің бірі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Мексиканың тәуелсіздік күніне орай өтеді. Ал бұл кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы Алекса Грассо (Мексика) мен Валентина Шевченко (Қырғызстан) арасында болады. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов ММА-де ...

    Read More »

    Жекпе-жек: Қазақстан құрамасы 21 алтын жүлде алды

    16-18 маусымда Астана қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында VII әлем чемпионаты өтті. Ол Қазақстан құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды. Қазақстан жекпе-жек шеберлері 21 алтын, 19 күміс, 21 қола медаль жеңіп алды.   Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, әлем чемпионатының алтын жүлдесін елімізге  Медет Қожбанов, Ердәулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мади Райхан, Дәулет Темірханов, Сергей Вальтер, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов, Бақытбек Баймұханбетов, Қайрат ...

    Read More »

    Ресейде Қазақстанның жекпе-жек шебері алаң иесін нокаутқа түсірді

    Жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан (10-2) Ресейдің Санкт-Петербур қаласында өткен «Наше Дело» лигасы Гран-при додасының ширек финалында жеңіске жетті. Қазақстандық күрес шебері ресейлік Амирлан Амировты (5-5) бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жасұлан Әкімжанның айтуынша, енді ол осы Гран-приді жеңіп алса, UFC-мен келісімшартта жасасуға талпынып көреді. Қазір Шавкат Рахмоновтың арқасында UFC-мен келісімшартқа отырған қазақ жігіттері көбейіп жатыр. Осы ұйыммен екі адам келісімшарт жасасты. Сондықтан ...

    Read More »

    Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Парадзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесуде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Қазақстан парадзюдо федерациясының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 3:1 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады. ...

    Read More »