• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты

    Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталып, екі күн бойы грек-рим күресі балуандары өзара мықтыны анықтады. Күрес түрлері федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрама сапынан екі балуанымыз жұбаныш белдесуіне жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, екеуі де ұтылып, қола жүлдеге таласа алмады. Атап айтар болсақ, 65 келідегі Әлібек Тұрлығазы жұбаныш белдесуінде алдымен болгар балуанын 10:0 есебімен ұтқанмен, келесі белдесуінде үнді Кумар ...

    Read More »

    Күрес: Түркияда әлем чемпионаты басталады

    Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталады. Бірінші күні бозкілемге грек-рим күресі балуандары шығады. Одан кейін кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын еркін күрес балуандары қорытындылайды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы дүбірлі додаға толық құрамда қатысады. Оқырманның назарларына Босфор жағалауында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынамыз: Грек-рим күресі: 45 кг – Жарас Советов (Ақтөбе облысы). ...

    Read More »

    Еркін күрес: Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлеріненАзия чемпионатының (U15&U20) соңғы күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды. Атап айтар болсақ, 74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда Иран елінің өкілі Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды. Бұдан бөлек 61 келіде сынға түскен Әбдінұр Нұрланбек кореялық ...

    Read More »

    Еркін күрес: Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды

    Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) сегізінші күні U20 еркін күрестен 5 кг салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама ел қоржынына төрт жүлде салды. Атап айтар болсақ, 97 келіде сынға түскен маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев финалда өзбек Айназар Базарбаевты ұтып, Азия чемпионы атанды. 57 келідегі Мерей Базарбаев түркімен Амир Амаюновтан, 70 келіде сынға түскен Мұхаметәлі Қабидолданов ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы екі жүлде алды

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) жетінші күні U20 әйелдер күресінен соңғы 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құраманың спортшылары ел қоржынына екі жүлде салды. 72 келіде сынға түскен Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Алтын Шағаева (53 келі) қола медаль алды. Осылайша бұл жолғы құрлық додасын ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 жүлде алды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) алтыншы күні U20 әйелдер күресінен 5 кг салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама үш жүлдені жеңіп алды. Негізі бес салмақтың бесеуінде де әйелдер құрамасы қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған болатын. Олардың арасынан 50 келідегі Лаура Ғаниқызы түркімен Лачын Аннамурадованы айқын басымдықпен ұтып, алғашқы қола жүлдені жеңіп алса, 55 ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстан құрамасы екі күнде жүлденің бәрін алды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) төртінші күні бозкілемге U20 грек-рим күресі балуандары 5 кг салмақ дәрежесінде бақтарын сынап, қазақ балуандары ел қоржынына 3 күміс және 1 қола жүлде салды. Финалға шыққан үш балуанымыз да, атап айтар болсақ Айбек Айтбеков (55 кг), Юсуф Ашрафов (60 кг) және Нұрасыл Аманалы (87 кг) қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді. ...

    Read More »

    Күрес: Қазақстан турнирді 2 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдемен аяқтады

    Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан  күрес түрлерінен осы жылдың соңғы төртінші рейтингтік турнирінде әйелдер күресінен 72 кг салмақта күрескен Жамила Бақбергенова жеңімпаз атанды. Оның салмағында балуандар аз болғандықтан күрес айналмалы жүйе бойынша болды. Алдымен Бақбергенова Италия балуанын жеңсе, екінші белдесуінде Канада қызынан 9:4 есебімен басым түсті. Үшінші белдесуінде моңғол қызы Энхамарды 4:2есебімен ұтып, финалға шықты Финалда алғашқы белдесуінде жеңген Италия ...

    Read More »

    Күрес: Қазақстан балуандары тағы 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді

    Венгрияның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Пойяк Имре мен Варга Янош мемориалының екінші күні ел қоржынына1 күміс, 3 қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ күміс жүлдеге ие болған 61 келідегі Өсімжан Дастанбек. Ол финалда Албания елінің өкілі Зелимхан Абакаровқа есе жіберді. Осы салмақта жерлесіміз Асылжан Есенгелді грузин Шота Партенадзеден басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Тағы бір ...

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан балуандары рейтингтік жарыста үш жүлде иеленді

    Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді. 74 кг салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовқа есе жіберіп, күміс медаль алды. 92 кг салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ризабек қола медаль үшін ...

    Read More »