• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі. «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд ...

    Read More »

    Сүйінші! 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді!

    Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала бірдей еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы. Ведомствоның хабарлауынша, еліміздің мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Еске сала кетсек, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: Қазақстан чемпионы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев пен Василий Самчук күтпеген жерден қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Жандос Қыдырәлиевтен 0:5 есебімен есе жіберді. Жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді. Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан. Ол ...

    Read More »

    Каратэден АЧ: Қазақстан 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола жүлде алды

    Алматыда каратэден ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алған Иран спортшылары ие болса, одан кейін орынды екі алтын жүлде иеленген Біріккен Араб Әмірліктері қанағат ...

    Read More »

    Шорт-трек құрамасы төрт құрлық чемпионатында алғаш рет жүлде жеңіп алды

    Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында спорттың осы түрінен ұлттық құрама алғаш рет қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Соңғы күні 3 000 метрге жарыста еліміздің әйелдер құрамасы мәреге үшінші жетіп, қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Әжіғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті. ...

    Read More »

    Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді. Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 ...

    Read More »

    Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

    Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өткен челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.Бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Жұқаев брейк жасап, 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетте ол тағы бір брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Одан кейін үшінші сетте қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Матч бір сағат ...

    Read More »

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды. Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды. Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары ...

    Read More »

    Жауынгерлік өнер ойындары Қазақстан үшін табысты аяқталды  

    Сауд Арабиясының астанасы — Ар-Рияд қаласында V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Он бір күннің ішінде 16 спорт түрінен 1500-ден астам атлет 954 медальді өзара сарапқа салды. Оның 259-ы алтын, 259-ы күміс жүлде болса, қалған 436-сы қола медаль болды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола ...

    Read More »

    Елімізден Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына 53 спортшы қатысты

    Сауд Арабиясының астанасы – Ар-Рияд қаласында Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстан спорттың он түрінен 53 спортшыдан құралған делегация құрамымен қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыс 11 күн болып, оған әлемнің 120 елінен 1 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Ойындар бағдарламасы барлығы 16 спорт түрі бойынша өтті. Қазақстан дзюдо, таеквондо, күрес (белбеу күресі, қазақ күресі, грек-рим ...

    Read More »