Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш рет Қазақстан спортшысы бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан өткен жарыста мәреге 2 сағат 44,23 минутта жетіп, чемпион атанды. Осы спринт қашықтығында украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Ербол ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан
Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды
Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, — ред.) сомаға чек әзірледі. Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді. Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр. Теннисші Australian ...
Read More »Универсиада-2023: Қазақстан ойындарды 11-орынмен аяқтады
Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола. Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді. Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко ...
Read More »Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар. Динара АМАНТАЙ, АСТАНА
Read More »Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиададағы хоккей турнирінде қола жүлдегер анықталды. Үшінші орын үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнап, қазақстандық студенттер құрамасы қарсыластарын 8:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл қола – ел қоржынына Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында түскен 10-медаль. Матчтың 6-минутында Максим Мухаметов құраманы алға шығарды. Екінші кезеңде отандастарымыз қатарынан үш шайба салды. Онда Саян Данияр, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, ...
Read More »Australian Open-2023: Рыбакина алғаш рет төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Биыл теннисшілер Аделаида турнирінде кездесіп, онда отандасымыз 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, Рыбакина алғаш рет Австралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді. Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына ...
Read More »Универсиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалда Канадамен ойнайды
Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Канадамен кездеседі. Қазақстан хоккейшілері В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ командарымен сынға түсті. Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді. Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орынды дәл сондай ұпай жинаған ...
Read More »Australian Open-2023: Рыбакина үшінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті. Бірінші партияда отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен ұтып, өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп — 6:1. Ойында Рыбакина 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың ...
Read More »Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты
Әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты. Отандасымыз алғашқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізіп, оны 6:2, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Онда Ю.Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді. Енді Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина ...
Read More »Ислам елдерінің бірінші хоккей турнирінде қазақстандықтар жүлдегер болды
Татарстанның астанасы Қазан қаласында хоккейден Ислам елдерінің бірінші халықаралық Kazan Hockey Cup турнирі аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады. Ерлер арасындағы жарысқа 12 команда қатысып, әрқайсысы төрттен үш топқа бөлінді. Қазақстан атынан құрамында әуесқой хоккейшілер де, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары да бар «OSKEMEN» командасы қатысты. Олар өз тобында Қырғызстан мен Түркіменстанды жеңіп, Татарстан командасынан есе жіберіп, ...
Read More »