• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Стенд атушылар Green Cup турнирінің жеңімпазы атанды

    Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. «Скит микс» жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы қола жүлдегер атанды. Ал «трап»  жаттығуы бойынша Виктор Хасянов жеңімпаз атанды. Турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. Тоди қалсындағы турнир 22 мамыр басталған. Ол 9 маусымға дейін болады. Жарысқа ...

    Read More »

    Велоспорттан ұлттық құрама Гран-при турниріне бара жатыр

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласында велотректен Гран-при турнирі басталды, деп деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасының сапында Рамазан Мұхтар, Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов, Виктор Голов, Кирилл Курдиди мен Саят Айдархан бар. Гран-при турнирі 8 маусымға дейін болады. Оған Қазақстан, БАӘ, Беларусь пен Ресей құрамалары қатысып жатыр. Ресейдің өзінен 201 спортшы күш сынасуға жарысқа шықты.

    Read More »

    Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогына қатысады

    Садақ атудан еліміздің құрама командасы Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында Азия кубогы үшін өтетін турнирге қатысады. Қазір құрама толығымен жасақталып, спортшылар жарысқа аттанды, деп хабарлады olympic.kz. Құрлық додасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко ел намысын қорғайды. Спортшылар Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. Одан басқа, Денис Ганкин, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет ...

    Read More »

    Хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатындағы екі топ құрамын жариялады. Келесі жылы әлемдік сынға қатысатын командалар қатарында Қазақстан да бар. Дүрмекті доданы Швецияның Стокгольм мен Данияның Хернинг қалалары өткізеді. Қазақстан құрамасы В тобына  түсті. Онда ұлттық құрама Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия, Швейцария мен АҚШ командаларымен ойнайды.  Бұл топтың ойындары Хернингте (Дания) болады. А тобында Аустрия, Канада, ...

    Read More »

    Қазақстан волейболдан Challenge Cup турнирінің финалына шықты

    Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппиннің астанасы – Манила қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Құрама команда өз ойынын тауып, жақсы нәтижемен жанкүйерлерді қуантып жатыр. Енді команда капитаны Сана Анарқұлова бастаған құрама алаң иелерін 3:0 (25-23, 25-21, 25-14) есебімен айқын басымдықпен жеңген соң, турнирдің жеңімпаз атағын үшін күш сынасады. Матчта ...

    Read More »

    Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

    Өзбекстанның Самарқанд қаласында 14-қыркүйек пен 6-қазан аралығында футзалдан болатын әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Әлемдік дода Өзбекстанның үш қаласында – Ташкент, Бұхара мен Әндіжанда болады. Жеребе тарту рәсімі Регистан алаңында болды. Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша D тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия мен Ливия құрамалары. Құрама команданың топтық кезеңіндегі ойындары 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте ...

    Read More »

    Алия кубогы: Қазақстан индорхоккейден плей-оффқа шықты

    Индорхоккейден ерлер арасында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасы Оманды 4:0, Индонезияны 6:2 жеңіп, Малайзиямен 3:3 есебімен тең түсіп, ширек финалға шықты. Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері келесі айналымға өтуге барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы А тобында Өзбекстан құрамасын 3:0, Малайзияны 3:0 есебімен жеңді. Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ. Ойын 6:0, 6:0 есебімен аяқталды. Заңғар Нұрланұлы Деваштан да ...

    Read More »

    Қазақстан хоккейден Ислам елдері арасында күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан құрамасы хоккейден 11-15 мамыр аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: Kazan Forum» атты халықаралық экономикалық форумының аясында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды. Бұл жарысқа ел құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері де сайысқа түсті. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанның намысын Oskemen командасы қорғады. Оның құрамына Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Серік Шидеринов пен Георгий Обухов ...

    Read More »

    Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

    20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салады. Жеребе Belline Arena ұлттық теннис орталығында тартылды. Қазақстан жасөспірімдері А тобында Қытай, ...

    Read More »