• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Бокстан U22 АЧ: Қазақ арулары Азия чемпионы атанды

    Бокстан 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында барлық боксшы қыздарымыз құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 12 салмақта жүлде үлестірілген әйелдер жекпе-жегінде барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. ...

    Read More »

    Қазақстан Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. ...

    Read More »

    Қазақстан көркем гимнастикадан көш бастады

    Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет топтық жаттығудан көпсайыста 48,45 ұпаймен алтын алып, тарихи жетістікті тіркеп отыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осыған дейін отандық гимнасттар Азия чемпионаттарында жүлде алғанымен, құрлық додасында Қазақстан командасы көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған. Бұл бағдарламада ел намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, ...

    Read More »

    Айбота Ертайқызы – Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Сингапур төрінде жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы өз өнерімен көз сүйсіндіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында, төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Өзбекстан спортшылары көш бастап, алғашқы екі орынды иеленді. Сондай-ақ, Айым Мейіржанова барлығы  80.450 ұпаймен бесінші сатыдан көрінді. Айта кетейік, ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының жүлдесіне таласады

    Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы іріктеу күніндегі топтық сайыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 22.100 ұпаймен екінші орын алып, финалда финалда бақ сынауға мүмкіндік алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл бағдарламада көш басында Оңтүстік Корея гимнасттары 23.000 ұпаймен тұрса, ал үшінші орынға өзбекстандықтар (21.550) жайғасты. Қыздарымыз ойдағыдай өнер көрсетіп жатыр. Енді, ертең де іріктеу жарыстары ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының финалына шықты (ФОТО)

    Бүгін Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бәсекенің алғашқы күні көпсайыстан іріктеу нәтижесінде ұлттық құрама команданың екі спортшысы да финалға жолдама алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Атап айтсақ, Айым Мейіржанова шығыршық пен лента жаттығуында 53.200 ұпай (26,.550 + 26.650) жинап, үздік үштікке жайғасып, екі бағдарламадан да финалға шықты. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы 52.000 ұпаймен (26.900 + 25.100) бесінші ...

    Read More »

    Жасөспірімдер жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

    Сауд Арабиясының Даммам қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Команданың қоржынында бір алтын жүлде бар. Бұл жарыста Азия чемпионы атағына Полина Кузубова (жетісайыс) ие болды. Ал онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға табан тіреді. Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова мен Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер ...

    Read More »

    Боксшылар халықаралық турнирде алты жүлдені жеңіп алды

    Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 54 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 кг-ден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай турнирдің жеңімпазы атанды. Сағындық Тоғамбай (92 кг-ге дейін) күміс медальді иеленсе, Теміртас Жүсіпов (48 килоға дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 к-ге дейін) пен Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 килоға дейін) қола жүлдені ...

    Read More »

    Гимнастар Грекиядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грекияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады olympic.kz. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды. Топтық ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Азия чемпионатын төрт жүлдемен аяқтады

    Осымен грек-рим күресінен Иордания астанасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Жүлдегерлер: Күміс медаль – Омар Сатаев (82 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг) Қола жүлде – Ибрагим Магомадов (77 кг), Шамиль Ожаев (87 кг) Ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есеп: Иран құрамасы (201 ұпай) Өзбекстан құрамасы (168) ...

    Read More »