Таиландта 21 жасқа дейінгілер арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында құрама сапындағы Клим Рюхов пен Владислав Мастихин өз тобынан екінші орынмен плей-офф кезеңіне шығып, 1/8 финалда Жаңа Зеландияны 2:0 (21:11, 21:16) есебімен жеңді. Содан кейін ширек финалда Қытайдың екінші жұбындағы спортшыларын 29:27, 32:30 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда камбэк жасап, Таиландты 2:1 (18:21, 21:11, 16:14) есебімен қапыда қалдырды. ...
Read More »Tag Archives: Қазақстан
«Қайрат» құрамын бразилиялықтармен толтырып жатыр
«Қайрат» пен Чехияның «Виктория» (Пльзень) футбол клубтары Бразилияның шабуылшысы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісім жасасты. Алматы қаласы футбол клубының хабарлауынша, оның жасы 24-те. Алаңда шабуылшы болып ойнайды. Бойы — 180 см. Салмағы — 74 кг. Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатында туған. Ол осы аттас клубтың түлегі. Кәсіпқой футболшы болып алғаш рет жасыл алаңға «Гремиода» клубының жейдесін киіп ...
Read More »Қазақстан спортшылары – садақ атудан Азия кубогының иегері!
Қазақстан құрамасы Сингапурда өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының екінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Әдел Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы (микст) финалда Үндістаннан 155:153 есебімен басым түсті. Тағы бір финалда Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын ...
Read More »Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды
Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...
Read More »ТОП-3: Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден үздік үштікке кірді
Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден World Aquatics ұйымының қолдауымен өткен Әлем кубогының финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Биылғы маусымның соңғы жарысында әлемнің үздік спортшыларымен бірге Қазақстан құрамасының өкілдері де өнер көрсетті. Бұл сында Қытай сполртшылары сенімді өнер көрсетіп, алтын медальдардың басым бөлігін қалталарына басты. Жалпы биылғы жарыс күнтізбесінде төрт Әлем кубогының кезеңі болды. Осының бәрінде Қазақстан құрамасы ...
Read More »Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды
Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...
Read More »Азия Ұлттар кубогы: Қазақстан құрамасы төртінші орында қалды
Вьетнамның астанасы — Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан қола жүлде үшін ойында қарсыласынан жеңіліп қалды. Ұлттық құраманың қыздары Қытайдың Тайбэй командасымен алаңға шығып, одан 1:3 (13:25, 16:25, 13:25) есебімен есе жіберді. Былтыр отандастарымызға Азия Ұлттар кубогын жеңіп алуға бір қадам жетпей қалға еді. Сол кезде құрама команда күміс жүлдеге ие болса, биыл мүлдем ...
Read More »Қазақстан Мәскеуде академиялық есуден үш медаль алды
Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында академиялық есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында LW1x санатында (2000 метр) Мария Чернец 8:37.35 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені жеңіп алса, спринт жарысында (500 метр) Иван Чернухин мен Владислав Яковлев 1:35.27 нәтижемен күміс жүлдені иеленді. Осы бағдарламада Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников 1:40.71 уақытпен үшінші орынға шықты. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды
13 маусымда Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Чемпионат басталар алдында қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыластары анықталды. Сонымен… ерлер арасында 60 келіге дейін Мағжан Шамшадин Дэвид Тераомен (АҚШ) белдеседі. Шерзод Давлатов Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгеб (Австрия) арасындағы белдесуде жеңген спортшымен күш сынасады. 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ...
Read More »Қазақстан — Солтүстік Македония. Қателік команданы кешірмейді (ФОТО)
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде тағы бір қарсыласынан жеңілді. Бұл жолы команда Солтүстік Македония жасағымен ойнап, өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді. Жалпы, матч аса тартысты және қызықты болды. Бұл ойында отандастарымыз жеңіс үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасады. Ойын басталысымен ұлттық құрама қарсыластардың қақпасын аңдып, қауіпті соққылар жасап, есепті бірінші болып ашуға тырысты. ...
Read More »