«Қайрат» пен Чехияның «Виктория» (Пльзень) футбол клубтары Бразилияның шабуылшысы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісім жасасты.
Алматы қаласы футбол клубының хабарлауынша, оның жасы 24-те. Алаңда шабуылшы болып ойнайды. Бойы — 180 см. Салмағы — 74 кг.
Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатында туған. Ол осы аттас клубтың түлегі. Кәсіпқой футболшы болып алғаш рет жасыл алаңға «Гремиода» клубының жейдесін киіп шыққан. Одан кейін «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) және «Маритиму» (Португалия) клубтарында ойнаған.
2023 жылдың басында Болгарияның «Левски» командасына ауысты. Сол кзеде клуб көшбасшыларының біріне айналды. Ол 56 матчта 20 гол салып, 8 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы жазда Чехияның Пльзеньнің «Виктория» жасағымен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тепті.
2025 жылдың алғашқы жартысында Израильдің Хайфа қаласының «Маккаби» командасында 11 рет алаңға шығып, 1 гол соқты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА