«World Boxing» халықаралық федерациясының ұсынысы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс беру аяқталды. Бұл аталымда ерлер арасында Махмұд Сабырхан үздік деп танылды. Ол ең көп дауыс жинады. Әйелдер арасында Наталья Богданова жыл үздігі атанды. Сонымен бірге Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың жекпе-жегі жылдың ең үздік айқасы болды. Дауыс Instagram әлеуметтік желісінде берілді. ...
Read More »Tag Archives: үздік
«Үздік – 2025» сыйлығының лауреаттары анықталды
Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
Read More »Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды
14 жастағы Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысымен Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Үздік шетелдік ойыншы» атағына ие болды. Ол Еуропа одағына кірмейтін мемлекеттер арасынан үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жас теннисші биыл жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында ол 16 жасқа дейінгілер арасында Еуропа теннис қауымдастығы рейтингісінде 24-орынға шықты. Биылғы маусымда Ахмади Стокгольмде 14 жасқа дейінгілер арасында дәстүрлі ...
Read More »«Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енді
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Тізімге елімізден тек Алматының «Қайрат» футбол клубы кірген. Клуб 90,75 ұпаймен 240-орынды иеленді. -Рейтингтің көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орында — Мадридтің «Реал», ал үшінші орынға — Лондонның «Челси» командасы орналасты. -Бұған дейін «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің беделді рейтингте ...
Read More »Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды
Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...
Read More »Ел үшін еткен еңбектің қайыры болды
Әрбір аянбай еткен еңбектің бір қайтарымы болады. Әсіресе, ел үшін туған жер үшін жасаған еңбек ешқашан елеусіз қалмайтыны белгілі. Ол қай салада болса да ескіріледі. Сондай-ақ, төккен тер, табанды еңбек спорт саласында да жемісін беретіні хақ. Іле ауданы қарасты Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы жыл қортындысын жасау іс-шарасын ұйымдастырды. Мерекелік күйде өткен бұл іс-шара аудандығы ұлтжанды қазақтың ...
Read More »Жылдың үздіктері төрден көрінді
Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы болды, деп хабарлады ТСМ. Салтанатты жиынға Парламенттің депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары мен медалистері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстан спортшылары биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты ...
Read More »Нысана көздеуші Александра Ле маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті
Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра Ле биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын ...
Read More »Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды
Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz. Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді. Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.
Read More »Ризабек Айтмұхан «Жыл үздігі» атанды
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды. Ол ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып, 1,5миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл стипендияны екі жыл қатарынан балуандар алып отыр. Былтыр әйелдер күресінің балуаны Жамила Бақбергенова алған болатын. Ризабек Айтмұханға келсек, ол жақында 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары