• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    prosports.kz

    УЕФА Конференция лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездеседі

    Ертең футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады.  Онда сегіз топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді.

    «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубымен кездеседі. Бұл командалар С тобында ойнайды. Олардан басқа топта Чехияның алаңында «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары бар. Қазір турнир кестесінде чехиялық команда 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш бастап келеді. Олар бірде-бір ойында жеңілген жоқ.

    Екінші орынды «Астана» ұстап тұр. Астаналықтар 4 матчта 4 ұпай жинады. кездесуінде шотландиялық төрешілер қызмет  Бір ойында жеңіп, бір матчта тең түсіп, екі кездесуде жеңіліс тапты. Үшінші орынды «Астана» сияқты бір ойында жеңіп, бір матчта тең ойнап, екі кездесуде қарсыластарынан есе жіберген «Балкани» иеленіп отыр. Косовоның жасағында 4 ұпай бар. Ал соңғы орында 3 ұпай алған «Динамо Загреб» келеді. Олар бір ойынды ғана жеңіп, үш мачта жеңілген.

    Бүгін «Астана» мен «Динамо Загреб» матчында шотландиялық төрешілердің қызмет атқаратыны белгілі болды. Матч 30 қарашада Астана уақытымен сағат 21:30-да «Астана-Арена» стадионында басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Еске салсақ, «Астана» сырт алаңда «Динамо Загребке» 1:5, өз алаңында «Виктория Пльзеньге» 1:2 есебімен жеңілді. «Балканиді» Косовода 2:1 есебімен жеңсе, өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнады.

    Бұған дейін «Астана» мен «Динамо Загреб» бес рет ойнаған. Соның бәрінде хорватиялық клуб жеңген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *