• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/shymkent_sport_baskarma/

    Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

    Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының бұйрығымен бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

    Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары арасынан үш бірдей Олимпиялық ойындарға қатысқан жалғыз боксшы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келі салмақта көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған.

    Ол 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында туған. Өзінің спорттық мансабын бокс жолына арнаған. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен «Құрмет» төс белгісімен мараптталған. Бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.

    2005 жылы ОҚО «Ең үздік спортшысы» атанды.

    2013 жылы «Құрмет» орденінің иегері болды. Қазақстанның  бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл), Куба Олимпиадасының чемпионы (2008 жыл) , Әлем кубогының қола жүлдегері (2008 жыл), 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен Олимпиадаға қатысқан. Осы додада бесінші орын алған.

    2010-2014 жылдары жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері болды. 2012 жыл Ұлыбританияның Лондон қаласында алауы тұтанған Олимпиадаға қатысқан. Осы жерде ол бесінші орынды иеленген.

    2013 жылы әлем чемпионы, 2014 жыл жазғы Азия Ойындарының күміс жүлдегері, 2015 жылы AIBA Pro Boxing жобасы аясындағы лицензиялық турнирдің жеңімпазы атанған. 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиялық ойындарда тағы бір рет бағын сынап, бесінші орынды қанағат тұтқан.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *