• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласының әкімдігі

    Астанада Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнир басталды (ВИДЕО)

    Астанада 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және қазақтың «қара майоры» атанған Борис Керімбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнир болып жатыр, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.

    Биылғы жылдың алғашқы ірі додасына еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық балуан қатысуда. Оның ашылу салтанатына Грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысып, спортшыларға игі тілегін айтты.

    Мұндай турнирлер тәжірибе жинауға керемет мүмкіндік. Бұйырса, осы турнирге жиналған жас балауандар алдағы уақытта  ересектер арасында өтетін республикалық жарыстарда бақ сынайтын болады.

    Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев секілді еліміздің патриоты болып, елін қорғайтын батыр азамат болатындарыңызға сенемін.

    Осы сәтті пайдалана отырып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында жүлдеге таласатын отандастарымызға жеңіс тілеймін!, – деді ол.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы турнир алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп, жыл күнтізбесіне кіргізілетін болады.

    Жарысқа Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы мен Астана қаласынан қатысып жатыр.

    Турнирде  45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92, 110 келі салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *