• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Бокстан әлем чемпиондары лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

    Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан мен Нұрбай Оралбай алғашқы жекпе-жектерін өткізіп, жеңіске жетті.

    51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды уақытынан бұрын жеңді. Енді Сәкен Бибосынов келесі айналымда Кенияның өкілі Дэвид Каранча Мачариамен қолғап түйістіреді.

    Тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Эфиопия спортшысы Лета Фикеремариам Яадесаны 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға  шықты. Енді ол 8 наурызда 22 жасқа дейінгі санаттағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Саравут Сукзетпен (Таиланд) шаршы алаңға көтеріледі.

    Нұрбек Оралбай да лицензиялық турнирді сенімді бастады. Әлем чемпионы 80 кг дейінгі салмақтағы алғашқы айқасында Гаитидің былғары қолғап шебері Седрик Беланиге еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті.

    Әйелдер арасында 60 келіде шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. Боксшы Тринидад және Тобаго елінің өкілі Тианна Гуиді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *