Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері — Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлдені иеленді.
Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэі 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву КуЛок ие болды. Олар қоржынды 290.4529 ұпаймен толтырды.
Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің үшінші ойынында Иран құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.
Қыздар құрамасы үшінші ойында Сингапурды жеңді. Ертең біздің аруларымыз Қытаймен кездеседі. Жарысқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар жеңімпаз бен жүлдегерлерді айналмалы жүйе бойынша анықтайды.
Бұған дейін хабарланғандай, кеше көркем жүзу жарысында Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды.
Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің алғашқы матчында Шри-Ланканы 43:1 есебімен жеңсе, екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Енді Ертең ұлттық құрама В тобындағы соңғы матчта Малайзиямен кездеседі. Жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған командалар шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА