Шорт-тректен Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша спорттың осы түрінен алғашқы жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Ұлттық құрамныңа көшбасшысы 500 метрге жарыста мәреге екінші келіп, күміс медальді иеленді. Алтын жүлдені Лин Сяоджун (Қытай) алса, қола медалге Джордан Пьере-Гиллес (Канада) ие болды.
Бұл — Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Денис Никиша былтыр Оңтүстік Кореяда өткен чемпионатта осы қашықтықта жүлдеге бір табан жақын қалған еді.