Жақында ер Манастың елінде күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың бетке ұстар спортшысы Ақжол Махмудов қатысады. Ол осымен төртінші рет Азия чемпионатына қатысатын болады.
Қазіргі кезде Ақжол Махмудов — күрестен Азия чемпионатында 3 алтын алған жалғыз палуан. Сөзсіз, енді тарихта қалады. Өз елінде мұндай жетістікке әлі ешкім жеткен жоқ.
Жоламан Шаршенбеков, Ратбек Санатбаев, Данияр Кобонов және Жанарбек Кенжеев екі рет Азия чемпионы атанған. Жоламан Шаршенбековтің де Бішкекте болатын Азия чемпионатына қатысып жеңімпаз атану мүмкіндігі бар.
Не де болса, қырғыздар күрестен мықты болып тұр. Туысқан елге тілектеспіз.
Айбек МҰХАНОВ,
Маңғыстау облысы