Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті.
Бұл – Жанарыс Рахметқалидың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола медаль иеленген болатын.